Шымкентте Freedom Holding Corp. компаниясының қолдауымен, KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған шахмат фестивалі өтіп жатыр. Іс-шаралар аясында 29 қазанда ашылатын 2024-2025 жылғы ФИДЕ әйелдер Гран-приінің 2-ші кезеңі, 2024 жылғы Қазақстан Балалар Кубогының 6-шы кезеңі – В.В. Печерский Мемориалы және Шымкенттің 1-ші Ашық Кубогы қатар өткелі тұр.
Қос кубоктың ашылу салтанаты Көрме орталығында өтті. Мерекелік жиынға KazChess федерациясының басшылығы, шахмат сүйер қауым қатысты. Әр жарыстың 9 туры осы орталықта 1 қарашаға дейін күн сайын өтеді. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілер арасында блиц-турнир де ұйымдастырылмақшы.
-Федерация еліміздің барлық өңірінде шахмат спортын кеңінен таратуға ұмтылады. Шымкентте әлемнің үздік шахматшыларының қатысуымен халықаралық әйелдер турнирін өткізу арқылы Қазақстанның дүниежүзілік шахмат аренасындағы орнын нығайтпақпыз. Сондай-ақ Балалар Кубогының финалы алдындағы кезеңді және маңызды айналма турнирді ұйымдастыру – осы зияткерлік ойынға қызығушылық танытатын жастардың қатарын арттыруға жол ашады, — дейді өз сөзінде KazChess вице-президенті Марат Есенов.
Шымкенттің 1-ші Ашық Кубогы – KazChess өткізетін 2024 жылғы гроссмейстер (GM) және халықаралық шебер (IM) нормалары бойынша айналма жүйемен өтетін 10 турнирдің бірі. Мұнда 10–12 ойыншы, соның ішінде ұлттық құраманың мүшелері мен шетелдік шахматшылар бақ сынауда. Шымкент Кубогына 4 шетелдік гроссмейстер: Израильден Евгений Алексеев, Грузиядан Леван Панцулая, Өзбекстаннан Саидали Юлдашев және Беларусьтен Алексей Фёдоров қатысуда. Жас және өршіл үміткерлердің арасында Шымкенттің халықаралық шебері Әбілмансұр Әбділқайыр, ФИДЕ шеберлері Бексұлтан Молдағали мен Лия Құманғалиева, сондай-ақ Қырғызстанның мықты шахматшылары бар. Турнирдің жүлде қоры – 3 млн теңге.
Қазақстан Балалар Кубогының соңғы кезеңі саналатын бұл 6-шы турнирге 10 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі санаттар бойынша 291 жас шахматшы қатысуда. Ал, финалдық ойындар 19-26 желтоқсанда Алматыда өтеді.
Жас шахматшылар сайысы талантты тәлімгер Вячеслав Владимирович Печерскийдің құрметіне арналды. Оның шәкірттері қатарында 2016 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы Жұбан Биғабылов пен Қазақстанның рейтинг көшбасшысы, гроссмейстер Ринат Жұмабаев бар.
Қыс мезгілінде санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру қаланың тұрғындары үшін өте маңызды, өйткені мұндай жұмыстар жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қардың түсуі мен мұздың пайда болуы, әсіресе қысқы кезеңде, көлік апаттары мен түрлі […]
Бүгін «Арбат» алаңында өткен жәрмеңкеде қайтарымсыз грант иелері қала тұрғындарына өз өнімдерін ұсынды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, мемлекеттік қолдау аясында кәсіптерін дөңгелетіп отырған 200-ге жуық грант иесінің бизнес-жобаларымен танысты. Былтыр қалада мемлекеттен 400 […]
2024 жылдың 2 қарашасы күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараға мектеп ұжымы мен оқушылар қатысып, мектеп ауласына […]
Пікір қалдыру