Самарқан қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері басшыларының төрағалығымен «Қазақстан – Өзбекстан» өңіраралық ынтымақтастықтың кезекті форумы өтті. Форумның басты мақсаты – екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту болды. Іс-шара барысында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылып, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту бағытында маңызды қадамдар жасалды.
Самарқан облысының туристік әлеуеті мен Жизақ облысының машина жасау саласындағы қарқынды дамуын ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі Самарқан және Жизақ облыстарының хокимияттарымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімге келді. Бұл келісімге Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, ал Өзбекстан өңірлерінен облыс хокимдерінің орынбасарлары қол қойды.
Аталған келісім өңірлер арасында мәдени, экономикалық және әлеуметтік салаларда тығыз байланыс орнатуға жол ашып, инвестиция тартуға, сондай-ақ туризм саласында қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Осылайша, кәсіпкер ауызашарды ерекше форматта ұйымдастырды. «Raimbek & company» ЖШС-нің директоры Бауыржан Анарбеков дәстүрлі ауызашардың орнына коронавирустың кесірінен қиын жағдайға тап болған 500 отбасына азық-түлік пакеттерін үлестірді. «Биыл ораза айы қиын уақытқа түсті. Мен Елбасының […]
ҚР Үкіметі тарапынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың жағдайын жақсарту мақсатында тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізу қарастырылған болатын. Шымкентте жалға алынған пәтерді субсидиялауға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы тексерілуде. Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы жүргізген […]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жасаған Үндеуін тыңдап, қатты толқыдым. Тоталитарлық режим ұйымдастырған қуғын-сүргіннің ең ауыр салдарының бірі — депортация болатын. Жауыз саяси жүйе КСРО аумағындағы аз халықтарға өте күшті […]
Пікір қалдыру