«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданындағы Қапал батыр көшесінің бойы мен Еламан шағын ауданында экологиялық іс-шара өтті.
Шымкент қаласының белсенді жастары, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері мен тұрғындар аталған шағын аудан аумағындағы аулаларды тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазартып шықты.
– Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Ендігі жерде біздің қоғамның экологиялық мәдениеті де өсуі тиіс. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, міне, осы мақсатты көздейді. Сол себепті өзімнің сүйікті қаламды таза ұстауға атсалысу – азаматтық борышым деп білемін, – дейді Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зұлпыхар Жәйшібеков.
Санитарлық тазалық шарасын жүйелі жүргізу — қала шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі.
Тазалық — денсаулық кепілі деген ізгі ниетті басшылыққа алған қалалық тұрғын коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарына қарасты қала тазалығына жауапты мамандар жұмыс жүргізіп келеді. Алайда, тазалық-тазалық жұмыстары жүргізілген жерде емес, тазалық шаралары сақталған жерде болатыны ақиқат.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеріп, жас ұрпақты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретуді көздейді.
Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында жолайрықтың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Үш деңгейлі жолайрық құрылысы жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіліп, кептелісті азайту мақсатында көліктердің қозғалысына кезең-кезеңімен ашылуда. Жолайрықтың екінші деңгейдегі айналма жолы көлік қозғалысына ашылды. Айта кетейік, жобаның техникалық […]
Уважаемый Нурсултан Абишевич! Мы живем в сложное и удивительное время великих свершений, суверенитета казахстанской государственности, время великих личностей и государственных деятелей. Вы, Нурсултан Абишевич, как первый Президент, основатель Республики Казахстан, по духу и по праву […]
Елімізде коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған Шымкент қаласының 40 586 тұрғыны 42 500 теңге төлемді алды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша елдегі […]
Пікір қалдыру