Мемлекет басшысының электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды алып тастау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 2024 жылғы 1 мамырдан бастап заңды тұлғалар үшін электр энергия тарифі 12,4%-ға төмендетілді. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Думан Қалибеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
— Департамент биыл 1 сәуірден бастап реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін лицензиялардың қолданылуын тоқтатты. Тарифті төмендетудің алғышарты — тұтынушылардың электр энергиясын кепілді жеткізушіге ауысуы болды. Бұл тиісінше тарифтің өзін төмендетуге әсер етті. Электрмен жабдықтау қызметтерін үздіксіз алу үшін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының заңды тұлғаларына «Энергопоток» ЖШС-мен тиісті шарт жасасу ұсынылады-, деді спикер.
Сонымен қатар, департамент басшысы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Департамент 2 табиғи монополия субъектісімен бірқатар келісімге келген. Оның бірі — «Кентау Сервис» МКК-мен жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметі бойынша 5 жылдық шекті тарифтер бекітілген. Ал, екінші нысан — «Түркістан су» МКК үшін су құбыры желілері мен өрт сөндіру гидранттарын жөндеуге 161 млн 637,23 мың. теңге бекітілген.
ҚР Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Рәміздер алаңында» мемлекеттік Туды салтанатты ұлықтау рәсімін өткізді. Салтанатты шараға ұласқан мерекелік кеште сарбаздардың сап түзеуімен Мемлекеттік Ту орнатылып, Әнұран орындалды. Кешті өңірдегі зиялы қауым […]
Жыл сайын 14 маусымда атап өтілетін Дүниежүзілік донор күні – адам өміріне бей-жай қарамайтын, қан тапсыру арқылы өзге біреудің тағдырына үміт сыйлайтын жандарға алғыс білдіретін маңызды күн. Осы орайда Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жылдағы […]
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында және жаңа оқу жылының басталуына орай аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентіндегі Қожанов, Мадиходжаев, Еркіндік көшелері мен Жаңажол ауылдық округіне қарасты Ақжол елдімекеніндегі Қазыбек би […]
Пікір қалдыру