Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев «тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Сарыағаш қаласының аумағында салынып жатқан арендалық тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын саралады.
Сарыағаш қаласында жеке инвестор 90 арендалық (жалға берілетін) пәтердің құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда 60 пәтердің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, 30 пәтердің құрылыс жұмыстары биыл қараша айына дейін аяқталмақ. Нысан құрылысы «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қолға алынған.
Құрылыс барысын бақылаған аудан әкімі Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкіліне тұрғын үйлер аудан тұрғындарының игілігі үшін салынып жатқандықтан берік әрі сапалы болуы қажеттігін ескертті.
Сондай*ақ,«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Сарыағаш қаласында 54 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қалаға қарасты Самал-3 мөлтек ауданында жеке инвестор есебінен бой көтерген арендалық баспаналардың ішкі әрлеу жұмыстары қолға алынған. Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын бақылады.
Айта кетейік, аталған жоба аясында 1,2 және 3 бөлмелі тұрғын үйлердің іргетасы құйылып, кірпіш қалау жұмыстары аяқталып, шатыры жабылған. Нысан басында болған аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне тұрғын үйлер аудан тұрғындарының игілігі үшін салынып жатқандығын айтып, сапалы, берік болуы қажеттігін ескертті. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Қосмұратовқа құрылыс барысын баяндап тұруды, бақылауды күшейтуді тапсырды.
Түркістан облысында COVID-19 инфекциясынан сауыққандар саны 52-ге жетті. 4 мамыр күнгі ақпарат бойынша Түркістан облысында 3 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып, облыста індеттен айыққандар саны 52-ге жетті. Сарыағаш ауданының 1974 ж. туған тұрғыны 16 сәуірде Ресей Федерациясынан […]
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Сайрам ауданына жасаған іссапары аясында Қарасу ауылында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Сайрам ауданының жастары көптеген спорттық сайыстарда жоғары жетістіктерге жетіп […]
Түркістан облысы Мақтарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. 2 мамыр, сағат таңғы 4.30 кезінде Мақтаарал ауданының шекарасында өткізу қуаты секундына 120 м3 болатын «Центральный голодностепный Коллектор (ЦГК)» арнасында су ағыны орын алып, Жеңіс, Жаңа Тұрмыс ауылдарында […]
Пікір қалдыру