Президент Ордабасы ауданында «JNRAY Group» серіктестігі биыл іске қосқан тігін фабрикасының жұмысымен танысты.
Аумағы 6 мың шаршы метр болатын жеңіл өнеркәсіп нысанын ашуға мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы аясында 1,4 миллиард теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа фабрикада киім-кешек, төсек жабдықтары және арнайы киім түрлері шығарылатыны жөнінде мәлімет берілді. Бүгінде кәсіпорында 300 адам жұмыс істейді. Келешекте өнім түрлерін көбейтіп, тігіншілер санын 500-ге дейін жеткізу жоспарланған. Қажетті шикізат көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен жеткізіледі.
Мемлекет басшысы тігін цехын аралап көріп, өнім үлгілерімен танысты.
Айта кетейік, Бадам елді мекенінде ашылған «JNRAY Group» ЖШС-нің тігін фабрикасы тәулігіне 500 дана әртүрлі киім тігіп шығара алады. Жалпы құны 1 миллиард 300 миллион теңгені құрайтын фабрика аз уақыт ішінде өз тұтынушыларын тауып үлгерген. Онда тігілетін арнайы, медициналық, спорттық, әскери киімдер еліміздің ішкі нарығына жіберілуде.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады
«SPK TURKISTAN» өндірістік паркінде ұйымдастырылған көрмеге ет, сүт және балық өнімдері, сусын, балмұздақ, шоколад түрлері, сондай-ақ ірі ауыл шаруашылығы бірлестіктері өсірген жеміс-жидектер мен көкөністер қойылған.
Президентке өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға, су үнемдеу технологияларын енгізуге, жылыжайларды көбейтуге және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ден қойылмақ. 2030 жылға қарай өңірде суармалы жерлердің 40 пайызына су үнемдеу технологиялары енгізіліп, аумағы 602 гектарды құрайтын жаңа жылыжай кешендері іске қосылады. Сонымен қатар алдағы үш жылда 105 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.
Бүгін Түркістан облысы әкімдігі жанынан құрылған арнайы мониторингтік жұмысшы топ Түркістан қаласындағы бірқатар дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі мен бағаның тұрақтылығына байланысты тексеру жұмысын жүргізді. Жұмысшы топ құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы […]
Түркістан облысында электрондық түрдегі қызметтің үлесі 86 пайыздан асты. Мемлекеттік қызметтердің тізіміне енген 723 қызметтің 389-ы облыста көрсетіледі. Оның 192-сі жергілікті атқарушы органдармен, 197-сі орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері арқылы іске асырылған. Бұл туралы 2019 […]
Парламент Мәжілісінің депутаттары – «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қайрат Балабиев, Нұрсұлтан Байтілесов, Темір Қырықбаев және Ұласбек Сәдібеков Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп салаларының жаңашыл жобаларын танысты. Оларға өңірлік фракция жетекшісі […]
Пікір қалдыру