Сарыағаш ауданында ерекше балаларға арналған инклюзивті білім беретін «Аqildi bala» мектебі қолданысқа берілді. Білім ордасының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, игі іске бастамашы болған жандарға алығысын білдірді. Аталмыш мектепте 100 бала толыққанды білім ала алады. Сондай-ақ, онда 17 пән және 8 қосымша сабақ өткізіледі.
Айта кетейік, инклюзивті білім беретін мектеп заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұдан бөлек, робототехника, АФК, ЛФК, сенсорлық интеграция, вокал және хореография, АРТ, ABA терапиясы өтеді. Сонымен қатар, психолог логопед, дефектолог мамандары да бар.
Инклюзивті білім беру – бұл барлық бала өздерінің физикалық, ақыл-ой, интеллектуалды және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру жүйесіне енгізілген және мүмкіндігі шектеусіз құрдастарымен бірге оқытылатын оқыту және тәрбиелеу процесі.
ҚР «Білім туралы» заңында инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс екені көрсетілген.
Инклюзивті білім балаларға қатысты кез келген кемсітушілікті жоққа шығаратын, барлық адамдарға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайтын идеологияға негізделген.
Түркістан облысы Арыс қаласы аумағындағы облыстық маңызы бар жол жөндеу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Өткен жылдың шілде айында басталған жол жөндеу жұмыстарының сапасы басты назарда болған. Арыс қаласына қарасты «Арыс — Шардара» […]
Түркістан облысының басшылығы «KITA» қауымдастығының құрамындағы компаниялардың Түркістан облысында бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайын. Бұл жөнінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Кореяның ең алпауыт компанияларының басын біріктіріп отырған KITA қауымдастығының төрағасымен Түркістан […]
Биылғы жылдың сәуір-мамыр айларынан бастап «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Састөбе кентіндегі 14 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары, 1 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары бастау алған болатын. Бүгінгі таңда аталмыш көшелердің 10 толығымен аяқталып отыр. Қалған 5 […]
Пікір қалдыру