Түркі елдерінің астанасы, киелі қаламыз «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын талқыла.
Астанадан арнайы ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» жұмыс тобы келіп, ақсақалдармен, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлерімен және ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Жұмысшы топтың жетекшісі Темір Базарбайұлы заң жобасының Түркістан қаласының дамуына қосар үлесі мен маңыздылығына тоқталып, осыған дейін 45 ұсыныс қаралғанын, оларды талқылап, ең маңыздысын таңдап, әрі қарай дамыту жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
Бұл заң жобасында қаланың тарихи ескерткіштерін сақтау, туризмді дамыту және қолөнершілерді қолдау – басты бағыттар боп табылады. Сондай-ақ, заң жобасы қабылданғаннан кейін қала инфрақұрылымы жақсарып, халықаралық деңгейде танымалдығы арта түспек.
Айта кетейік, Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеу барысы жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді.
Осыған дейін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қаламызға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеп, талқылауға салуды тапсырған болатын. Ерекше мәртебе берудің маңыздылығы — Түркістанның тарихи қас-келбетін, ескерткіштері мен мұраларын сақтап, келешек ұрпаққа жеткізуге, туризмі мен қолөнерін, экономиксын дамытуға серпін беріп, жаңа мүмкіндіктер ашпақ.
Бүгінде ҚР Парламентінде арнайы жұмысшы топ құрылып, құрамына депутаттармен қатар бірнеше министрлік өкілдерін қамтыған. Олардың қатарында Нұрлан Әуесбаев, Темір Қырықбаев, Ерлан Әбдиев, Ұласбек Сәдібеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова бар.
Заң жобасы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі Түркістан облысына сапарында берген тапсырмасына және 2023 жылғы 10 сәуірдегі қарарына сәйкес әзірленген. Оны әзірлеуге Түркістан қаласының Түркі мемлекеттері ұйымы мен түркі әлемінің рухани астанасы ретінде танылуы да негіз болды. Сонымен бірге қаланың тарихи келбетін және оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау қажеттілігі, Түркістан қаласының халық санының тез өсуі де негіз болған. Соңғы 6 жылда халық саны 60 мыңға өсіп, қазір 233 мыңнан асты.
Заң жобасын әзірлеу барысында Англия, Италия, Өзбекстан, Әзербайжан және тағы басқа мемлекеттердің тарихи ескерткіштерін сақтап қалу бойынша тәжірибелері зерттелген. Министрліктің өкілдері Заң жобасы бойынша Түркістан қаласына іссапарға шығып, халықпен кездескен, онда Заң жобасының ережелері, нормалары талқыланды.
Қазіргі қоғамда адамның психологиялық саулығы – ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр. Соңғы жылдары жаһандық деңгейде өзектілігі артып келе жатқан мәселелердің бірі – суицидтің алдын алу. Әсіресе жастар мен әскери қызметкерлер […]
Биыл маусым айында Жібек жолы – Сайрам көшелері қиылысында жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілген болатын. Жаңа әлеуметтік нысан кәсіпкерлер тарапынан іске асырылды. Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те қатысып, тұрғындармен кездескен еді. Еңбекші […]
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Әлем біріншілігі Қазақстан сурдо дзюдо федерациясы мен Қазақстан Сурдлимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткізілмек. Аталған федерация мәлім еткендей, әлем чемпионатына 25 елден 200 спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан тарапынан 22 дзюдошы […]
Пікір қалдыру