Қазақ халқының өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, мәдениетімізді құрметтеуге үйрету, театр және кино өнерінде еңбек етіп жүрген жас таланттардың өмірін студенттерге үлгі етуді кездесудің басты себебі болды. Осындай шығармашылық кештердің студенттердің тәрбиесіне қосқан үлесі өте көп.
Түркістан қалалық мәдениет үйінің «Түркістан» халық театры Ордабасы ауданының 60 жылдығы және «Темірлан» халық театрының құрылғанына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылған облыстық «Театр — өмір айнасы» «Халықтық» және «Үлгілі» атағы бар театрлар байқауына жергілікті жазушы, драматург Елтай Бимаханбетұлының «Қырсық келін» драмасымен бақ сынаған болатын. Аталған байқауға облысымыздың барлық аудан, қаласынан 17 театр қатысып өнер көрсетіп, нәтижесінде «Түркістан Халық театры» «ЕҢ ҮЗДІК РЕЖИССЕР» номинациясына ие болып, 100 мың теңге қаржылай сыйақымен марапатталды.
Театр – өмір айнасы. Рухани азық беретін өнеге көзі, тәрбие ошағы. Себебі, киелі сахнада түрлі қойылымдар көрсетіледі. Қаншама образдар сомдалады. Талғамы терең көрермен сол арқылы өзінің бет бейнесін көреді.
Айта кетейік, Ордабасы ауданында «Театр – өмір айнасы» облыстық Халықтық және Үлгілі театрлар байқауы өз мәресіне жетті. Театр байқауына аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов арнайы қатысып, жарыс қатысушыларыныңа ізгі тілегін білдірді.
Үш күнге созылған байқау барысында 17 қойылым көпшілік назарына ұсынылып, аудан, қалалардан келген театрлар өзара бақ сынады. Байқау мақсаты – театрлардың репертуарында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін, патриоттық рухты оятатын жане заманауи шығармалардын орын алуына, сонымен қатар театрлардың өнерін насихаттау, бір-бірімен іс-тәжірибе алмасу, шеберлік сағаттарын өткізу жане шығармашылық байланыстарды нығайтуға ыкпал ету.
Байқауда Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театрының режиссеры Бекболат Құрманғожаев, Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының бас суретшісі Бақыт Сраилов, Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды драма театрының директоры Арман Алиев, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Асылхан Темірхан, мәдениет саласының ардагері Құрманәлі Жылқыбай қазылық жасады.
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, Түркістан қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» дөңгелек үстел өтті. Шараға ҚР Мәдениет қайраткері, қаланың құрметті азаматы Ұлжалғас Мұстафаева, тарих ғылымдарының кандидаты, қаланың құрметті азаматы Баян Адырбекова, зейнеткерлер […]
Пікір қалдыру