Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта демеушілердің қолдауымен бірнеше маңызды жобалар жүзеге асырылып, көріктендіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Саябақтың кіреберіс қақпасы жанындағы аймақта қалалық әуежайдың демеушілігімен заманауи спорт алаңы салынды. Жаңа спорт аймағы қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, белсенді демалысты қолдайтын тұрғындар мен келушілер үшін тамаша орынға айналды.
Шырайлы Шымкенттің — ашық аспан астындағы ағаштар мұражайы десек те болады. Қала тұрғындары мен қонақтарының дем алуына таптырмас орын. Бүгінгі таңда саябақты айналдыра салынған веложолда серуендеушілердің саны артып келеді.
Соңғы үш айда саябақ аумағында бірнеше көгалдандыру және инфрақұрылымдық жаңартулар жасалды. Ескі күзет бекеттері жаңартылып, олардың орнына төрт заманауи күзет үйі орнатылды. Бос жатқан аймақтар көгалдандырылып, 400 түп қарағай ағашы отырғызылды. Бұл аумақ автоматты суғару жүйесімен жабдықталып, ағаштардың үздіксіз суарылуына жағдай жасалған.
Айта кетейік, жыл өткен сайын табиғат аясындағы демалысқа деген сұраныс еселеп артып келеді. Көркем көріністермен тамсанып, таза ауамен тыныстап, қоршаған әлеммен арадағы үйлесімділікті сезіну — ереше жан рақатын сыйлайтыны даусыз. Шымкенттегі мемлекеттік дендросаябақ — жоғарыда аталғанның барлығын тоғыстырған бірегей орын. 1979 жылы қаланған күннен бері саябақта қоршаған орта байлығын сақтау мен еселеуге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Мұнда өсімдіктердің түр-түрін, тауыстар, тиіндер мен теңбіл бұғыларды көруге болады. Дендрарий орталығында катамаран бекеті бар айдыны әсем көл орналасқан. Көлде тұқы тұқымдасына жататын дөңмаңдай балықтар тіршілік етеді. Айтарлықтай кең аумақты жайлаған дендросаябақта велосипедтерді жалға алып, серуендеуге болады. Келушілердің аталмыш екіаяқты «серіктеріне» арнайы жолдар да салынған.
Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағын еш күмәнсіз — Қазақстанның көрнекті орны мәртебесіне әбден лайық нысан, оңтүстік өңірдің нағыз асыл інжуі деуге болады.
Сондай-ақ, саябақтың «Қошқар ата» учаскесінде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қолдауымен жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Мұнда 60 жаңа жарықшам орнатылып, 300 метрлік кабель тартылды, бұл саябақтың кешкі уақыттағы қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырды.
Демеушілердің көмегімен жүзеге асқан осы жаңартулар саябақты демалыс үшін тартымды орынға айналдырып, келушілерге жайлы әрі қауіпсіз орта ұсынуда.
Айта кетейік, аумағы 120,52 гектарды алып жатқан бұл саябақта 600-ден астам ағаш және бұта түрлері өседі. Сондай-ақ, әлемде алғаш рет құрғақ климатта үлкен ағаштарды трансплантациялау эксперименті жүргізілген бірден -бір орын. Саябақ 1979 жылы ашылып, 1986 жылға қарай 1360 түрі мен тұқымы бар 500 мыңнан астам көпжылдық екпелер отырғызылды.
Қазақстанның оңтүстігіндегі табиғи ерекшеліктерін сақтау мен дамытуда Асанбай Асқаровтың еңбегі ерен. 2008 жылы саябақ қайта құрылып, сәулетші Бақыт Әшірбаевтың жобасы бойынша жаңартылды.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков пен қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева төтенше жағдайға байланысты онлайн білім беру жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты баяндады. Шымкентте техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының […]
Шымкент қаласы әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтың өкімімен Шайхсламов Жолшыбек Мұхтарұлы қалалық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа қызметке кіріскен Жолшыбек […]
Иллюстрациялық сурет интернеттегі ашық дереккөзден алынды. Шымкент қаласында 2023 жылы егілген ағаш көшеттерінің 75-80 пайызы көгеріп, өсіп жетілуіне қолайлы жағдай жасалғаны белгілі болды. Бұл туралы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Бақытқалиұлы мәлімдеді. Алайда, […]
Пікір қалдыру