ОҚО-да ЖОО-да тегін білім алатын тағы 8 түлекті өз жолдамалары күтуде

Оңтүстік Қазақстан облысында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған  95 балаға жоғарғы оқу орына тегін білім алу үшін жолдаманы Ұлттық бірыңғай тесттілеуде шектік балды жинап, емтиханнан өткен түлектерге берілді. Бұдан бөлек 8 жолдама Ұлттық бірығай тесттілеудің шығармашылық емтиханды күтіп жүрген шәкірттерге берілетін болады.  Жалпы, 2016-2017 оқу жылында  Оңтүстік Қазақстан облысында  208  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (34-і балалар үйлері түлектері) 11-сыныпты бітіргенін айта кеткен жөн. 208 түлектің 130-ы Ұлттық бірыңғай тесттілеуге  қатысып, оның 107-ы  Ұлттық бірыңғай  тестілеу нәтижесінде шектік деңгейден өткен. Сонымен қатар, олардың 95-і облыстағы жоғары оқу орындарына, 106-ы колледждерде, 12-сі республиканың басқа өңірлерінде білім алуға ниет білдіріп отыр. Айта кететін жағдай, Ұлттық бірыңғай тесттілеуде қажетті балды жинай алмаған шәкірттер орта арнаулы оқу орындарында тегін білім алатын болады. Бұл игі істер аталмыш санаттағы түлектерді сапалы біліммен қамтамасыз етіп, белгілі бір саланың маманы етіп қалыптастыру мақсатында орындалып жатыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*