ОҚО-да жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 95 түлекке ЖОО-да тегін білім алуға жолдама берілді

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп бітіруші 95 түлекке жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін жолдама берілді. Мектеп шәкірттерінің үлкен өмірге қадам басқалы отырған қуаныштарымен бөліскен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев оқушыларға сәттілік тілеп, игі бастамаға қолдау көрсеткен жоғары оқу орындарының басшыларын алғыс хатымен марапаттады. 
«Соңғы жылдары  қалыптасқан игі дәстүр бойынша  облыстағы  жоғары оқу орындары  сіздерге қол ұшын созып, ақысыз  тегін  оқуға  қабылдап отыр. Сол оқу  орындарын  абыроймен  басқарып  отырған аға буын  өкілдерінің бұл  жақсылығына  сіздердің  аттарыңыздан ризашылығымызды білдіріп, алғыс  айтамын!», — деді Ж.Түймебаев.
Өңіріміздегі 12 жоғары оқу орны атсалысып отырған игі іске негізіне, 103 жолдама беріліп отыр. Тарқатып айтсақ, «Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті 20 жолдама бөлсе,  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 15, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті — 15, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті он жолдаман 20, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 9, «Сырдария» университеті 8, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті 5, «Мирас» университеті, «Шымкент» университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы үш жолдамадан 9 және М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты 2 жолдама арнаған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*