ҚР Парламенті сенатының депутаты арыстықтармен кездесті

Елімізде Парламент сенатының депутаттары жазғы демалысқа шығып, сенатта қаралатын мәселелерді халық арасында алдын ала талқылап, зерделеу үшін депутаттар өз сайлаушыларымен кездесуде. Осы мақсатта Арыс қаласына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылыми комитетінің мүшесі Бектаев Әли Әбдікәрімұлы арнайы келіп, қала тұрғындарымен кездесті. Мәжіліске Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек, мекеме, бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, білім, мәдениет және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени орталықтардың өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.Жиын барысында қаламыздың құрметті азаматы, Арыс қаласы әкімдігі жанындағы «Ырыс алды — ынтымақ» қоғамдық форумының хатшысы Қ.Балқыбеков елімізде жүзеге асырылып отырған бағдарламалар мен атқарылған игі істерге тоқталып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылыми комитетінің мүшесі Әли Әбдікәрімұлына алғысын білдірді.
Сонымен қатар қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Мұсаев пен қалалық мәдениет үйінің қызметкері Н.Отар ойларында жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*