Ордабасы ашылғанда «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» орталық қажетті бөлмелермен қамтамасыз етілген

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында ашылған орталық ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар мен ішімдік пен есірткіге салынып кеткендерге психологиялық қолдау көрсетілетін болады. Ашылу салтанаты барысында жобаның жетекшісі С.Тұрсынбекова сөз алып, орталықтың жұмыс ауқымын түсіндіріп өтті.«Бүгінде барлық қызмет түрлері облыс орталығында орналасқан. Осындай орталықтарды аудандардан ашудағы негізгі мақсатымыз — ауыл тұрғындарына көмек қолын созу болатын. Біз ауыл тұрғындарының жан-айқайын, негізгі мәселелерінен хабардар болып отыруымыз қажет. Бүгінде отбасылық жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың белең алған кезеңі. Сондықтан осындай орталықтар түрлі жағдайда қиындыққа душар болған әйелдер қауымына көмек көрсететін болады», — деді жоба жетекшісі.Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы М.Зәйтүнқызы осы бағытта аналар алқасының атқарған жұмыстарын айтып өтті. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен ашылған сектор ғимараты қажетті бөлмелермен қамтамасыз етілгенін айта кеткен жөн.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*