«Оңтүстік-цирк» мекемесінде кәсіби мамандар топтастырылған

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 2011 жылдың 17 желтоқсанында салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілген Оңтүстік-Цирк мекемесі күні бүгінге дейін күнгей өлкенің тұрғындары үшін жеке, тақырыптық бағыттағы бірнеше қойылымдарын ұсынған болатын. Олардың ішінде «Алақай, Балақай-1,2», цирктер арасында алғашқы театрландырылған «Джунгли» қойылымдары бар.Күнгей       өлкеде бой көтерген күрделі жанрлы цирк ғимаратына кәсіби мамандар топтастырылып, өңірдің дарынды жастары көптеп қамтылып, қиындығы мен қызығы қатар өнерге шыңдалды. Бүгінгі күнге дейін цирк әртістері республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып, бірқатар жеңістерді бағындырып үлгерді.

Сонымен қатанр, цирктік жанрлармен қамтылған тарихи бейнелерді «Оңтүстік-Цирктің» әртістері ойнап шықты. Қойылым 95 минутты қамтитынын да айта кетке жөн. Мұнан өзге, қойылым барысында клоундар мен акробаттар, әуе гимнасттары мен қиыннан қиысқан трюктер жасау арқылы жауынгерлік үлгісін көрсететін ат өнерінің жігіттері, жыртқыш аңдар мен жан-жануарлар әлемі қызықты нөмірлерімен жаңа образдарды ойнап шықты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*