Шардара ауданына өткен халықаралық «SAFARI SHARDARA» шарасында спорттық сайыстар мен концерттік бағдарламалар қатар ұйымдастырылды. Фестивальде алғаш болып сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев айтулы шараның өңірде тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқанын тілге тиек етіп, сайысқа қатысушылар мен қонақтарды құттықтады.«Елбасымыз «Бай табиғатымыз бен мәдени әлеуетімізді пайдалану үшін сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет» деп атап өткендей, болашақта Қазақстанда туризм өңірлік ғана емес, жаһандық сипат алуы керек. Еліміздегі туризмнің өркендеуі үшін тарихи және туристік орындарымызды лайықты дамыта білсек, мемлекеттік бюджет толығып, әлеуметтің әл-ауқаты көтеріледі. Бүгін басталған «Safari Shardara» фестивалі — көрші елдерге Қызылқұм мен Шардара суқоймасының жағалауы сынды жауһарларымызды танытатын шара болмақ. Сондай-ақ, біз осы іс-шара арқылы шағалалы Шардарада желкенді қайық спорты мен ат пен түйе жарыс, құсбегілік сынды ұлттық спорт түрлері мен өзге де ата кәсіптерімізді жаңғыртуды көздеп отырмыз. Мұның барлығы өңірдегі туризмді дамытып, бизнес аxуалды көтеруге бағытталған», — деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы тұрақтандыру қоры заманауи қоймаларды пайдалана бастады
Қазір оңтүстіктегі тұрақтандыру қоры 4 мың шаршы метрлік қоймаларды жалға алып, 2,5 мың тоннаға жуық азық-түлік тауарларын сақтап отыр. Аталған серіктестіктің жұмысымен танысқан облыс әкімі бағаны тұрақтандыруда заманауи қоймалардың маңызды екенін жеткізді. Өңір басшысы қордың жалға […]
ТУРКЕСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ: ШТРАФЫ НА БОЛЕЕ 150 МЛН. ТЕНГЕ НАЛОЖЕНЫ ЗА НЕСОБЛЮДЕНИЕ САНИТАРНЫХ ТРЕБОВАНИЙ
За соблюдением санитарных требований на всех объектах по Туркестанской области следит специальная мониторинговая группа, состоящая из представителей общественного контроля. Во время рейдовой проверки в отношении лиц, игнорирующих постановление Главного санитарного врача области принимаются меры […]
Түркістан облысы 9 айда 4600 тонна етті шетелге экспорттаған
Ауыл шаруашылығын экономикалық дамудың жаңа драйверіне айналдыру жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау нәтижесінде Түркістан облысындағы өнім көлемінің өсімі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ды немесе 374 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығы — 188 миллиард […]
Пікір қалдыру