ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 6 ОҚУШЫ СУИЦИД ЖАСАП КӨЗ ЖҰМҒАН

Бұл жайлы Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиева, «Күнгей.кз» ақпарат агенттігінің ютуб каналындағы «Өзекті» жобасына берген сұхбатында айтты.

Шамшиеваның айтуынща, шаһардың білім сапасы мен тәрбие жағы ақсап тұр. Оқушылар арасында ерте жүктілік пен құқықбұзушылық та азаймай тұрған көрінеді.

«Жыл басынан бері 6 бала өз өмірімен қоштасты. Ерте жүктілік фактілері бар, құқықбұзушылық бар. Қанша миллиард бөлінсе де, министрлік пен білім басқармасы тарапынан, білім беру ұйымдары тарапынан қаншама іс-шара өткізілсе де неге нәтиже төмен? Бізде құқықбұзушылық көбейіп жатыр, буллинг көбейіп жатыр. Демек, біз жұмысты дұрыс жасамай отырмыз. Бір жерде бір кілтипан бар. Әдетте жұмыс ресурс болмаса жүрмейді. Не маман жоқ немесе сол маманға төлейтін ақша жоқ. Бізде екеуі де бар.  Бізде әрбір мектепте психолог бар, әлеуметтік педагог бар. Жыл сайын барлығы да біліктілік курстарынан өтіп жатыр. Осы жағынан қызметке келгенде, әріптестермен бірлесе отырып, проблемалық аймақтарды айқындап, бізге кедергі келтіріп отырған фактілерді анықтадық»,-деді ол.

Сондай-ақ қаламыздың бас педагогы, Шымкентте психолог мамандардың жетіспейтінін айтады.

«Мектептерде психолог лауазымында жүргендердің 90 пайызы педагог-психологтар. Ал, педагог-психолог ол бәрібір кәсіби психолог емес»,- дейді Нұргүл Ақылбекқызы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*