Әбдірахымов Ассамблея сессиясында қазақша сөйлей алмай әбден састы (видео)

Қазақстан Халқы Ассамблеясының Шымкент қаласында өткен 1-сессиясында сөз сөйлеген шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов баяндамадағы «әралуандығын» сөзін айта алмай әбден әбіржіді, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Сессияда сөз сөйлеген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов миллионды қалада жүзден аса этнос өкілдері тұратынын, олардың ұлттық мерекелері тойланатынын айта келе ауыр күрсініп тоқтап қалды. Айта кету керек, спичрайтер қазақ тілінде жазған баяндамасында әкімді қатты қинап қойды. Себебі, ол бір сөзді мүдірмей оқуға бір емес, бірнеше рет талпынғанымен, оқи алмады. Сөйтсек, Ғабидолла Рахматоллұлы ол сөздің не мағана беретінін де білмейтін болып шықты. Оны сол сәтте өзі де мойындады.

«Қалалық 15 этномәдени бірлестік Шымкенттің мәдени (осы жерде ауыр күрсініп те жіберді) әралуыыы…, Шымкенттің мәдени әралу-ын-дығын…,- деп ежелеп өтті. Әрі қарай баяндамасын жалғай келе: «Қамтамасыз етіп жұмыс жүргізуде. Мен, честно говоря, өзім түсінбедім қандай сөз екендігін», — деп мойындады әкім.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*