Шымкентте Төлеби ауданының жәрменкесі өтті

Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен жергілікті және Түркістан облысы Төлеби мен Отырар аудандарының тауарөндірушілерінің бірлескен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге 60-тан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 113 миллион теңгені құрайтын 78 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері қала тұрғындарына ұсынылды. Аталмыш жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға дейін арзан саудаланды.

Жәрмеңкеге арнайы келген қала әкімі Ерлан Айтаханов азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол берілмей, мұндай жәрмеңкелердің жиі әрі үздіксіз ұйымдастырылатынына сендірді. Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы бірлесіп жасалған шара үшін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке өз алғысын жеткізді.

Түркістан облысының екі ауданы шымкенттіктерге ет, сүт өнімдерімен қатар, картоп, көкөніс, жеміс-жидек пен қауын-қарбыз, болгар бұрышы, қызанақ, қияр мен жеміс шырынын және қолөнер бұйымдарын ұсынды.

Сонымен қатар, жемеңкеге келген шаһар тұрғындары мен қонақтары Шымкент қаласының мәдениет басқармасы және Төлеби мен Отырар әкімдіктерімен бірлесе ұйымдастырған концерттік бағдарламасын мәз-мейрам болып тамашалады.

Аталған жәрмеңкені ұйымдастырудың негізгі мақсаты –халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады. Ал, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тікелей өздері өнімдерін өткереді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*