Шымкент қаласының әкімі 1200 орындық мектептің құрылысын көрді

Шымкент қаласы «Тұран» шағын ауданындағы 1200 орындық мектептің құрылысына барған қала басшысы мұндағы шешілмей жатқан түйткілді коммуналдық мәселелермен қатар, балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасалауы керектігін қадап айтты — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Ерлан Айтаханов аталмыш тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіп жатқан барлық мердігерлерге бірнеше сын-ескертпелер жасады.

«Мұндай тұрғын үйлерді саларда ең алдымен инфрақұрылым мәселесін шешкен жөн. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар болуы шарт. Салынып жатқан тұрғын үйлердің қасбеті заман талаптарына сай әрі әсем болуы керек. Шымкент – мегаполис қала. Демек, біз жаңаша ойлап, қаламыздың көркеюіне баршамыз ат салысуымыз қажет» деді Е.Айтаханов.

Ерлан Қуанышұлы жауапты сала басшыларына архитектуралық қала құрылысы кеңесінде жоғарыда аталған барлық мәселелерді көтеріп, тиісті шешім шығаруды тапсырды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қала бойынша тұрғын үй құрылысына жалпы мемлекет тарапынан 34,6 млрд.теңге (құрылыс басқармасы — 20,3 млрд.тг; “SHYMKENT” ӘКК” АҚ — 10 млрд.тг; Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жастарға жалдамалы пәтерді сатып алуы үшін — 4,3 млрд.тг.) жұмылдырылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*