ТҮРКІСТАНДА «ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ» ЖОБАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Бүгін Түркістандағы облыстық жастар ресурстық орталығында «Ұлағатты ұрпақ» жобасы аясында республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараевпен кездесу өтті. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған кездесуде Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетінің журналистика бөлімінің студенттері мен түркістандық жастар спикерге сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Айта кету керек, ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, саяси сананы жаңғырту және қоғамдық диалог орнату мәселелері қозғалды. Осыған орай облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев өңірде диалогтық алаңдар ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Мұнан өзге жаңа жоба осы тапсырманы орындау бағытында қолға алынып отырғанын айтты.

Сонымен қатар, кездесуде Нұрмұхамед Байғараев Түркістан рухани астанадағы қарқынды құрылыс пен түрлі маңызды өзгерістер тұрғындардың санасына оң әсер ететінін айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*