Түркістанды 32 секторға бөліп көгалдандырып жатыр

 Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында қала 32 секторға бөлінген. Әр секторға жауапты аудан, қала өз аумағында ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Сондай-ақ Түркістан қаласында 268 су ұңғымасын жасау жоспарланса, соның ішінде 57 су ұңғымасы іске қосылған. 

«Жасыл белдеу» аймағында ұсақжапырақты шегіршін, үлкенжапырақты шегіршін, қарағай, жіңішкежапырақты жиде, терек, үйеңкі, қытай шағаны, сүйелді қайың, емен, сарғылт қарақат және т.б егіледі. 

    Айта кету қажет, келер жылдың көктемінде тәлімбақта облыста және елімізде жоқ, өзге мемлекеттерде өсетін өсімдіктерді жерсіндіру бойынша тәжірибе жасау жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде кейбір қылқанжапырақты тұқымдас түрлерін Түркістан қаласының айналасындағы «Жасыл белдеуде» өсіру үшін бейімдеу мақсатында жүзеге аспақ.​

 Сонымен қатар, облыс әкімінің бастамасымен облыс орталығы Түркістан қаласында өткен жалпыхалықтық сенбілік аясында облыс орталығында 24 мыңнан астам тал егілді. Жергілікті тұрғындар да көне шаһардың жасыл қалаға айналуына белсене қатысуда. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*