Биыл Түркістан облысы шет елдермен түрлі келіссөздер жүргізіп, өңірдің экономикасының дамуына үлес қосатын кәсіпорындардың көптеп ашылуына жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жақында ғана облыстан жиналған деллегация Қытайға іс сапармен барғанын жазған едік.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, кездесулер өткізді.
Сапар барысында Зұлпыхар Жолдасов «Henan Civil Aviation Development & Investment Group» (КХР) бас директорының орынбасары Цяо Ченмен кездесіп, облысқа инвестиция тарту, Түркістан халықаралық әуежайының әлеуетін ұлғайту, халықаралық әуе рейстері және туризм саласын дамыту бойынша мемлекетаралық келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылады.
100 млн халқы бар Хэнань провинциясына биыл Қытайдан және шетелдерден 120 млн турист келеді деп жоспарланған. Henan Civil Aviation Development & Investment Co.Ltd (HNCA Group) компаниясы – Хэнань провинциясының авиация саласының дамуын жеделдетуге жауап беретін, авиациялық компанияларды қайта құруға және ынтымақтастыққа қатысатын Чжэнчжоу әуежайының дамуына жетекшілік ететін ірі компания. Аталған компания авиациялық логистиканы нығайтуға және авиациямен байланысты салаларды оңтайландыруға бағытталған «Бір белдеу, бір жол» бастамаларына белсенді қатысады. Өңірлер арасында экономика, мәдениет, туризм салаларында тығыз байланысын орнату өзекті.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Созақ ауданында төрт түліктің төресі — түйені көбейту қолға алынды. Облыс басшысы ойсыл қара тұқымын көбейту арқылы өзге өңірлермен бәсекелес болуға қауқарлы ауданға осы кәсіпті мықтап қолға алуды […]
Түркістан облысы, Түлкібас ауданында абаттандыру, көріктендіру бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Десе де заман ағымына сай өшеге көрік, өңірге өң кіргізетін жобалардың болғаны дұрыс. Түкібас ауданы облыстың табиғаты тамаша, туристер көп келетін өңір. Осы орайда облыс […]
Қазіргі коронавирус дендеген кезең еліміздің білім саласына да салдарын тигізіп жатқаны анық. Осыған байланысты 2020 жылдың наурыз айында оқушыларды қашықтықтан оқыту жүйесі енгізіліп, балалар оқу жылын үйде оқу арқылы аяқтаған еді. Енді 2020-2021 жылғы […]
Пікір қалдыру