Сауран ауданында медицина саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Сондай-ақ, бірнеше елдімекендерде емханалар, медпункттер салынады деп жоспарланып отыр.
Аудан бойынша 1 — аудандық емхана, 2 — бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы, 13 — дәрігерлік емхана (ВА), 13 — фельдшерлік–акушерлік бекет, 4 — медициналық бекеттер, 1 – арнайы мамандар бөлімі, 1 – жылжымалы медициналық кешен және 4 — жедел жәрдем бригадасы жұмыс жасайды. Сонымен қатар 172 төсек орынға арналған күндізгі стационар қызмет көрсетуде.
Аудандық емхана, арнайы мамандар, атап айтқанда пульмонолог, инфекционист, дерматовенеролог, иммунолог, балалар кардиологы, балалар хирургі, травматолог, реабилитолог, онколог, сарапшы дәрігер, гастроэнтеролог мамандарымен және УДЗ 3 дәрігерлерімен толықтырылды.
Аудан орталығы Шорнақ елді мекенінен тәулігіне 500 адам қабылдайтын емхана ғимаратының құрылысына 8,9 га жер бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары рәсімделуде. 2023 жылға бекітілген жоспар бойынша типтік үлгіде жаңа ғимарат салыну жоспарланып, құжаттары рәсімделуде, Атап айтқанда: Шаға, Қызылжол, Ойық, Жалаңтөс, Құсшы ата елді мекендерінде.
Пікір қалдыру