ТҮРКІСТАН: Жылына 20 мың тонна құс етін өндіретін фабрика салынады

Түркістан облысында жылына қуаттылығы 20 мың.тн. етті бағыттағы құс фабрикасы («Стандарт ойл»ЖШС), 500 га заманауи жылыжай кешені (YDA INSAAT түрік компаниясы), «Жылына 2,5 мың тн. түйе сүтін қайта өңдеу кешені» жобалары дайындалуда.
Азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобалары Түркістан қаласы аумағынан радиусы 15 шақырым аумақта интенсивті технологияларды қолдана отырып, ғалымдардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылып жатыр.
Кешенді жоспар бойынша жалпы 70 млрд. теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Нәтижесінде жыл сайын қосымша 30,0 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 2500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады деген сенім бар.

Биыл жыл басында «Түркістан Агро ХХI» ЖШС-нің бастамасымен 131 шаруа қожалық бірігіп, нәтижесінде «Ынтымақ – 2019» кооперативі құрылды. Бүгінде аталған кооперативтің 733 га алқабына 18 бірлік жаңбырлатып суғару технологиясы машинасын орнату жоспарланған. Жобаның құны – 500,0 млн. теңге. АҚШ-тың «T-L» маркалы технологиясын елімізге Нидерландының «APH Group B.V.» компаниясы жеткізген. Сондай-ақ мұнда 600,0 млн. теңгеге «МТС құру» жобасы іске асырылуда. Жобалар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы мақұлданды. Бұл құрылғыларға мемлекет тарапынан субсидия бөлініп, шаруаларға үлкен қолдау көрсетіліп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*