Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен республика көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы бастау алған. Атадан қалған жерімізді таза ұстап, бабалардың мұрасына шаң жуытпауды мақсат тұтқан тұрғындар белгіленіп берген жерлерді қалдықтар мен қоқыстардан тазартты.
Жастар «Taza Alem» ұлттық жобасы бойынша «Қоршаған ортаны таза ұстау — әрбір азаматтың борышы» тақырыбы аясында жазғы шомылу маусымдағы өзен, көл маңдарын тазалауда.
Облысқа қарасты аудан, қалаларда «Таза Жағажай», «Өз өмірің — өз қолыңда» тақырыбы аясында, шомылу маусымындағы қауіпсіздіктің алдын алу мақсатындағы үнпарақшалар таратылуда. «Эко волонтер» атты ерікті жастар киелі өлкелер мен өзен, тауларда қоқыс іздеу сайысы өтті.
Акцияға атсалысып жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық 11 этно мәдени бірлестіктер мүшелері әр сенбі күні аумақтық сенбіліктерге белсене қатысып келеді.
Этностар көп орналасқан Сайрам, Сауран, Жетісай, Мақтарал, Келес,Төлеби аудандарында Ассамблея жастары «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында плогинг сайыстары арқылы айналаны тазарту акцияларын дәстүрлі түрде өткізуде. Сайрам ауданында «Қоқыстан құнды заттар жасау идеялары» жүзеге асырылуда.
«Generation» қоғамдық бірлестігі Сайрам ауданындағы білім беру ұйымдарымен бірлескен 36 экологиялық акция өткізді. Аталған акция бойынша 15 тоннаға жуық қайталама шикізат сатып алынып, қайта өңдеуге жіберілді. Бұл ретте, қоқысты арнайы жерге апарудың қажеті жоқ, бұл өз кезегінде оны апаратын жол мен жергілікті аймақтарды таза ұстауға өз септігін тигізуде.
Топырақ суларын қорғау және жердің тозуымен күресу мақсатында Төлеби ауданы, Ленгір қаласында орналасқан мүгедек балалардың мектеп-интернаты үшін экосантуалет құрылысын жүргізу жоспарлануда.
Облыста экологиялық бағытта 4 үкіметтік емес ұйым жұмыс жасайды. «Өгем» қоғамдық бірлестігін тарапынан табиғи аймақты сақтап қалу мақсатында экоагротуризмді дамыту бойынша жаңа жоба іске асуда. Аталған жоба өңірге келген туристерге «жасыл» технологияларды күнделікті өмірге ендіру бойынша шебер-сыныптар көрсетіліп, демоучаскелерде 16 саяхат жүргізілді. Табиғи жолмен энергия көзін ашып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар шаралар атқарылды. «Өгем», «ЭКО-Атамекен» қоғамдық бірлестіктері Сайрам-Өгем, Қаратау қорықтарындағы табиғатты қорғау мақсатында 7 экоакция өткізіп, жергілікті тұрғындар мен туристердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруда үлесі ерекше болды.
Түркістан облысында пневмония дертін жұқтырғандар саны 5421 болса, оның ішінде сауығып шыққандар саны 2933-ке жетті. Яғни, бүгінде науқастардың 54 пайызы толық емделіп шықты. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен өткен […]
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мектеп оқушыларының басым бөлігі онлайн форматта білім алуда. Бүгінде Түркістан облысында 912 жалпы білім беретін мектеп бар, бұл мектептерде 502 737 бала білім алады. Оның ішінде 446 109 (89,0%) оқушы […]
Түркістан облысы полицейлерінің қызметтік және жауынгерлік даярлығы – өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды басымдықтардың бірі. Облыс аумағында құқықтық тәртіпті сақтау мен қоғамдық тыныштықты қамтамасыз етуде полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен физикалық дайындық деңгейі айрықша рөл […]
Пікір қалдыру