«ЖАСА, ЖАЙНА АЛАШЫМНЫҢ АРЫСЫ» КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Арыс қаласындағы  орталық «Әл-Фараби» алаңында еліміздегі өнер жұлдыздарының қатысуымен «Жаса, жайна Алашымның Арысы» атты концерті өтті. Халыққа мәдени-рухани серпіліс сыйлап, мерекелік көңіл күйді тарту ету мақсатында ұйымдастырылған шараға Дос-Мұқасан ансамблінің әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Арыс қаласының Құрметті азаматы Ақжол Мейірбеков,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Арыс қаласының тумасы Нұржамал Үсенбаева, композитор-әнші Нұрлан Еспанов, Жанболат пен Жазира, Ләззәт Байырбекова, Бейбарыс Серікбаев, Мақсат Айтжанов, Әлден Жақсыбеков, Фархат Ескенеев сынды Арыстан шыққан сахна саңлақтары мен «Фараб» би ансамблі қатысты. Сондай-ақ, айтыскер ақын Кәрима Оралова Арыс халқына арнауын айтып, елдің ықыласына бөленді. Шара аясында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек қиын-қыстау сәтте қолдау беріп, көмек қолын созған барша қазақстандықтарға алғысын білдірді. Туған жерге келіп, перзенттік парызын көрсеткен өнер майталмандарына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы алғыс хаты мен сый-сияпаттары табысталды. Концертті Түркістан облысы әкімдігі мен Мәдениет басқармасы және облыстық «Түркістан сарайы» концерттік ұйымы ұйымдастырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*