Арыс қаласында өткен «Таза Қазақстан» акциясы аясында Теміржолшылар паркіне ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Акцияның мақсаты – табиғатты қорғау және қалалық аумақтарды таза ұстау болатын. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін көптеген ұйымдар мен компаниялар бірлесіп, өз үлестерін қосты.
Бүгінде Теміржолшылар паркінің жарықшамдарына толықтай зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жарықтандыру жүйесі қайта жаңартылды. Бұл жұмысты «Khazakh Real Stroy» ЖШС компаниясы атқарып, заманауи технологияларды пайдалана отырып, жарықшамдарды қайта жандандырды. Осы жаңартулардан кейін парк түнгі уақытта да жарық әрі қауіпсіз болды.
Айта кетейік, паркте демалыс аумақтары кеңейтіліп, жаңа отырғызылатын орындықтар, балалар ойын алаңдары және қаладағы тұңғыш скэйт парк алаңы іске қосылған. Бұл өзгерістер паркке келушілерге жанға жайлы демалыс аумағын қамтамасыз етті. Арыс қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін парк енді табиғатпен сырласуға, спортпен шұғылдануға және балаларымен бірге ойын ойнауға арналған сүйікті орынға айналды.
Арыс қаласының әкімдігі мен «Khazakh Real Stroy» ЖШС-іне алғыс білдіре отырып, тұрғындар осы абаттандыру жұмыстарын жоғары бағалап, паркті күтіп ұстауға өз үлестерін қосуға шақыралы. Қаланың жасыл аймақтары мен таза ауасын сақтап қалу – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Осылайша, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Теміржолшылар паркінің қайта жандандыруы Арыс қаласының келбетін жақсартып, тұрғындар үшін шынайы демалыс аймағына айналды.
Үш жыл бұрын аталған саябақ Арыс қаласының 65 жылдығына орай, күрделі жөндеуден өткізіліп, ел игілігіне берілген болатын. Теміржолшылар саябағының қақ ортасына ашық аспан астындағы музейдің негізгі экспонаты ретінде көне паровоз қойылған. Ендігі жерде оның маңына спорт алаңы мен көңіл көтеруге арналған түрлі ойын-сауық құрылғыларын орнату арқылы нысанды заманауи ретросаябаққа айналдыру көзделуде. Ресми дерекке сүйенсек, бүгінгі таңда Арыс қаласында 45 мыңнан астам тұрғын болса, оның 5 мыңға жуығы теміржолшылар екен.
Түркістан облысы Арыс қаласындағы орталық Әл-Фараби алаңында қала күні тойланды- деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпара агенттігі. Меркелік іс-шараға жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар және арнайы келген қонақтар қатысты. Бұл күні жарылыстан кейін қаланы қайта қалпына келтіруге […]
Арыстық 10 мың тұрғын газбен қамтылатын болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Арыс қаласындағы 6 шағын аудан халқы бүгін газбен қамтылды. 2020 жылдан бері тоқтап тұрған нысанның мәселесін шешу үшін облыс әкімі […]
Арыс қаласындағы зақымданған 7613 үйдің 7166-сында жөндеу жұмыстары жүрсе, 447 үй қайта салынып жатыр — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда 7000 үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 23 […]
Пікір қалдыру