Шынықсаң шымыр боласың

Спорт-денсаулық кепілі! Оның адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен шұғылданған жанның денсаулығы мықты, әрі шыдамды болатыны баршаға аян. Сондықтан Шымкент қалалық Білім басқармасы оқушылардың денсаулығы әрдайым жақсы болуы үшін бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Атап айтқанда, Қазақстан Республиксы Білім және ғылым министірлігінің 2019 жылдың 21 қазандағы №01-15-5-12/3871-И санды хатына сәйкес, балалармен жастарға арналған спорттық және демалыс іс-шарларын, секцияларға үйірмелерге топтық және жеке бару кестесін әзірлеген. Осыған орай, қаладағы барлық мектептерде волейбол, баскетбол, шахмат, үстел теннисі, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, қол добы сынды спорттың бірнеше түрінен кестеге сай үйірмелер жұмыс істейді. Онда денешынықтыру пәнінің мұғалімдері еңбек етеді.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*