Шымкент БАҚ өкілдерінің үздіктерін анықтамақ

Байқау Шымкент қаласындағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметін дамытуға, БАҚ қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған.

Мақсаты – Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың қала аумағында іске асуы жөнінде позитивті материалдар жариялап жүрген талантты журналистерді, әлеуметтік желілердегі белсенді блогерлер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау.

Байқауда бақ сынайтын БАҚ өкілдері Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты позитивті материалдарын 2019 жылдың 07 желтоқсаны, сағат 17.00-ге дейін тапсыруы шарт.

Бұл байқауға Шымкент қаласында және Түркістан облысындатіркелген БАҚ-тағы кез келген ұжым, журналист қатыса алады. Байқауға БАҚ өкілдері 2019 жылғы 04 қазан мен 07 желтоқсан аралығында жариялаған материалдарын жолдауы тиіс. Өтінімдер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап қабылданады. Бір журналист кем дегенде үш (3) материал ұсынуы тиіс.

Байқауға Қатысу үшін №1 Қосымшаға сәйкес өтінімді толтырып, ұйымдастырушының shymkent.uvp@inbox.ru электронды почтасына жұмыстарды жолдау қажет (Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы, ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі). Сонымен бірге Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты (ӘІО), 6 қабат 613 кабинетке жеткізуге болады.

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.

Байқау комиссиясы үміткерлерді іріктеу барысында  келесі шарттарды басшылыққа алады:

  • материалдардың байқау талаптарына сәйкестігі;
  • материалдың объективтілігі;
  • кәсіби шеберлігі;
  • журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестігі.

 

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы: Байқауға Шымкент қаласының экономикалық-әлеуметтік, рухани-мәдени дамуына қатысты сараптамалық, ақпараттық материалдар топтамасы қабылданады.

Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

  • Баспасөз материалдары Microsoft Word және PDF форматында жарияланымымен қоса өткізіледі (сканерленген көшірмеде атауы мен баспасөз БАҚ-тың шығыс деректері болуы керек). Сондай-ақ түпнұсқасын әкелу құпталады;
  • ТВ-материалдары DVD-дисктерде беріледі, ал радио мен фото жұмыстар – CD немесе DVD-дискте;
  • Бейнематериалдар 1920 х 1080 full HD кем емес рұқсатымен DVD форматта, хронометраж – 45 (қырық бес) секундтан кем емес (бейнероликтер үшін) және 30 (отыз) минуттан (телебағдарламалар үшін) аспауы тиіс;
  • Радиобағдармалар MP-3 форматындағы аудио нұсқалары.

Байқау жұмыстарын USB (flash) тасымалдаушымен беруге болады. Өтінім мен Байқау жұмыстары хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей өткізілуі керек.

Байқау тақырыбына, қойылатын талаптарға сай келмейтін, сондай-ақ мерзім аяқталғаннан кейін өткізілген жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқау жұмыстарының мәлімделген тақырыпқа сәйкестілігін Байқау комиссиясы анықтайды.

Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

 

БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘРТІБІ

Комиссия құқылы:

— Осы байқау туралы ереженің талабына сәйкес келмеуі негізінде байқауға қатысушыны қабылдамауға;

— Байқау комиссиясы байқау жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы түсінік беруге міндетті емес.

Комиссияміндетті:

— Байқауға қатысушылардың барлығына бірдей жағдай жасауға;
— Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз етуге;
— Байқау қорытындысы туралы мәліметтерді алдын ала жариялануына жол бермеуге.

Байқау жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі 2019 жылдың 20 желтоқсанында өткізіледі.

Байқау тізбеге сәйкес келесі номинациялардан тұрады:

  1. «Үздік әлеуметтік ролик авторы».
  2. «Үздік блогер».
  3. «Үздік телебағдарлама авторы».
  4. «Үздік телеарна тілшісі».
  5. «Үздік радиобағдарлама авторы».
  6. «Үздік ақпараттық портал».
  7. «Үздік ақпараттық портал тілшісі».
  8. «Үздік мерзімді басылым».
  9. «Үздік мерзімді басылым тілшісі».
  10. «Үздік баспасөз хатшысы».

Әрбір номинация бойынша жүлде қоры – 150 000 теңге.

 

«Үздік редакция» және «Үздік журналист»номинациялары бойынша жеңімпаздарға жүлде қоры1000 000 мың тг көлемінде қаржылай сыйлық қарастырылып отыр.

 

 

Қосымша №1:

Байқауға қатысу өтінімі

Тегі: ___________________________________________
Аты: _______________________________________________
Әкесінің аты: ___________________________________________
Туған күні: ______________________________________
Білімі: ________________________________________
Жұмыс орны: _______________________________________
Номинация атауы: _________________________________________
Материалдар атауы: __________________________________
Жарияланған материалдың гиперсілтемесі (тікелей сілтеме)
(электронды түрде жарияланған жағдайда): ____________________________________________________
Электронды почта: __________________________________
Байланыс телефоны: _________________________________

Байқауға қатысушының _________________ Қолы
Күні

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*