Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының қайнар көзі, алтын бесігі. Ата-бабамыз,«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген өсиет айтып кетуі тегін емес. Адам қоршаған ортасына мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, жанашырлықпен қарағанда ғана табиғат үйлесімділігі сақталады. Тал егу, қаланы көгалдандыру жұмыстары үздіксіз атқарылып жатыр. Қаланы жасылдандыруға қала басшылығы да өз үлесін қосуда.
Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби көшесінде ағаш отырғызу шарасына қатысып, қаланың жасыл желегін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Қараша айының соңына дейін 16 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл қадам экологияны жақсартуға және болашақ ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Бүгінгідей қарбалас кезеңде әр саланың мамандары өз міндеттерін атқарып, ешкім қарап қалып жатырған жоқ. Мұндай сәтте бәріміз жұмылған жұдырықтай әр нәрсеге өз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Бәріміз біріксек, мұны да жеңеміз. Қазақстанды көркейту, Шымкентті көгалдандыру үшін көптеген жұмыстар атқырылып жатыр. Егілген талды, отырғызылған көшеттерді жалпы атқарылған жұмыстарды қоғам болып қадағаласақ, көрікті көгалды қалаға айналатынымыз сөзсіз.
Сондай-ақ, Еңбекші ауданының Исфиджаб тұрғын алабына барып, халықпен кездесіп, инфрақұрылым, балалар алаңдары, көшелерді жарықтандыру және қоғамдық көлік мәселелерін талқылады. Проблемаларды кезең-кезеңімен шешу жоспары жасалып, жауапты басқармаға табиғи газ, су және электр қуатын жеткізу бойынша жобалар әзірлеу тапсырылды.
Сонымен қатар, Еңбекші ауданы, Сареми көшесіндегі жол құрылысы да бақылауға алынды, мердігер ұйымға жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтау жөнінде нұсқау берілді.
Пікір қалдыру