Төлеби ауданында жыл бойы туристік қызмет көрсететін халықаралық деңгейдегі тау шаңғы курортының құрылысы жүргізіліп жатыр. «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» аумағында бірнеше қонақ үйлер, мейрамханалар, арқан жолы мен бассейн салу жоспарланған. Жоба бойынша шаңғы трассасының биіктігі 1880-3155 метр аралығын құрап, жалпы ұзындығы 33,4 шақырым болмақ. Кешен толық іске қосылған жағдайда жылына 120 000-ға жуық демалушы қабылданып, 2 000-нан астам адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Жалпы Төлеби ауданында демалушыларға қызмет көрсететін орындардың саны 194-ке жеткен. Сондай-ақ, ауданда жыл басынан бері құны 1,2 млрд теңгені құрайтын төрт туристік нысан ашылған. Бүгінде туризм саласын дамытып, инвестиция тарту үшін Біркөлік, Ақмешіт, Қасқасу елді мекендеріндегі туристік рекреациялық аймақтарының даму жоспары әзірленуде. Айта кетейік, ауданда 2024–2030 жылдары туризмді дамыту мақсатында жалпы құны 78,1 млрд теңге болатын ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстық құрылыс басқармасының алдағы жоспарлары талқыланған жиын өтті. Бұл туралы Түркістан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасып жатыр. Бұл ғимараттардың сәулеті мен сапасы, орындалу мерзімі қатаң […]
Мақтааралдағы тасқын судан зардап шеккен елді мекендерде газ жүйелерінің монтаждау жұмыстары 98 пайызға орындалды. Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, мамандар төтенше жағдай орын алған аймақта екі негізгі бағыт бойынша […]
Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентінің тұрғындары мен автокөлік жүргізушілері үшін қуанышты жаңалық. Биыл «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында кент аумағындағы 7 көше толығымен жөндеуден өтіп ел игілігіне пайдалануға берілсе, 8 көшеге ағымдағы және күрделі жөндеу […]
Пікір қалдыру