Түркістан облысы Төлеби ауданында тасыған нөсер суы Шымкент аумағына жеткен. Түн уақытында 60 үйдің тұрғыны эвакуациялаған.
Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 13 мамыр сағат 22.50. дейінгі мәлімет бойынша Түркістан Төлеби ауданынан тасыған су Шымкент қаласының аумағына да жеткен. Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Елтай елдімекенінде жауын салдарынан арықтың тасуы тасыған. Төтеншеліктер су Түркістан облысы, Толеби ауданынан келуде деп мәлімдеді. Салдарынан 60 тұрғын үй аулаларын су басты және 3 шаруашылық нысан қирады. Аталған елдімекенде Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. «Департаменттің күштерімен су сору жұмыстары жүргізілуде, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің күштерімен арықтардың механикалық тазарту жұмыстарын жүргізілуде,»- деп мәлімдеді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Су басқан аумақтан 60 үйдің тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде 150 тұрғын туған-туыстарына, тағы 150 тұрғын эвакуациялық жиналу пункттеріне эвакуациялаған.
«Тоғыс е/м-де орналасқан №120 орта мектебінің және №119 орта мектептерде ұйымдастырылған ЭЖП-леріне эвакуациялануда. Қаза тапқандар және жарақат алғандар жоқ. (Тұрғын үй аулаларындағы судың деңгейі 20-50 см-ді құрайды) .Қазіргі уақытта, судың келу деңгейі 3-5 м.куб,»- дейді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментініңбаспасөз қызметі. Төтенше жағдай салдарын жою бойынша жедел штаб құрылды. Оқиға орнында ТЖД 57 қызметкер және 14 дана техника, 14 дана МП-100 төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылған.
Пікір қалдыру