Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 150-ге жуық мал бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Соның бірі – «Құдайберген» шаруа қожалығы. Шаруа қожалықтың иесі Тыстыбай Сырайловтың 2,5 гектар аумақты алып жатқан және құны 120 миллион теңгені құрайтын фермасы бар. Оның ішінде 400 мал басқа арналған қора-жайы дайындалып, жем-шөп сақтайтын қоймасының құрылысы аяқталған. Жеке меншігіндегі 10 гектар егістік жерінен жоңышқа егіп, қазіргі таңда өнімін жинап алған. Жеке кәсіпкердің ендігі мақсаты – мал басын көбейту үшін үлкен көлемде несие алып, ет өнімін экспортқа дейін шығару.
Мемлекеттің қолдауының арқасында Т.Сырайлов қазіргі таңда «Аграрлық несие корпарациясы» акционерлік қоғамынан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында мал бордақылау алаңына 29,4 миллион теңге несие алып, жұмыс жүргізіп жатыр. Осылайша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жеке кәсіпкер 1000 бастық мал бордақылау фермасын салу жобасына қатысуда.
Айта кетейік, аудандық «Алтын күз – 2019» ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің іс-шарасында аудан әкімі Бақыт Асанов Т.Сырайловты «Озат мал бордақылаушы» номинациясы бойынша марапаттады. Кейіпкеріміз 10 айдың қорытындысы бойынша 31,5 тонна ет өндірген.
Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 700 шақырымды құрайды. 2024 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 93,7 пайызға жеткізу көзделген. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы жолаушылар […]
Түркістан облысында ветеринариялық іс-шаралардың 9 айлық жоспарына сәйкес, жануарлардың аса қауіпті 14 ауруына қарсы 28 млн 555 мың доза вакцина егілді. Бүгінгі таңда өңірде жануарлар арасында ветеринарлық ахуал қатаң бақылауда. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы […]
«Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Берік Кенжебаев шетелдік инвесторлармен кездесіп, келіссөз жүргізді. Нәтижесінде «Түркістан» ӘКК» АҚ және «TURKISTAN INVEST» ИТЭДАА» ЖШС-мен «Талифа» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кәсіпкерлер дайын өндіріс алаңын және экобазар […]
Пікір қалдыру