Екі жақты келісім Өзбекстанда 21 және 22 –ші қараша күндері өтіп жатқан Қазақстан медицинасы күндері аясында жасалынды. Тараптар ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар жүйесін құру жөнінде өзара міндеттемелер қабылдап,алдағы уақытта ғылыми тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыс жасайды. Көрші мемлекетке еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған 150-ден астам делегаттар барды. Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, жетекші мемлекеттік және жеке медициналық орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының, клиникалар, мемлекеттік және жеке университеттердің басшылары, санаториялық-курорттық ұйымдар, фармацевтика өндірушілері, денсаулық сақтау саласындағы IT-компаниялар және Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы консалтингтік компаниялардың басшылары бар. Іс-шараның мақсаты екі ел арасындағы денсаулық сақтау жүйелері ынтымақтастығын нығайту, медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірбие алмасу. Іс-шараның бірінші күнінде қазақстандық медицина жетістіктерінің форумы мен көрмесі өтуде. Форумға қатысушыларға Қазақстанның денсаулық сақтау реформалары, тәжірибелік медицинада қолданылатын инновациялары мен озық технологиялар жетістігі таныстырылды.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ УАҚЫТЫНДА АЯҚТАЛУЫ ТИІС
Түркістан облысының білім беру нысандарындағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары сапалы және мерзімінде аяқталуы тиіс. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тиісті басқарма өкілдерімен және аудан, қала әкімдерінің жауапты орынбасарларымен бірге осы тұрғыда атқарылып жатқан […]
КҮРДЕЛІ ОТАЛАРДЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛЫНУЫ ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК
Бүгінде мемлекет денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша назар аударып келеді. Әсіресе, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту мен дәрігерлердің біліктілігін арттыру мәселесіне баса назар аударылып жүр. Соның нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғындары бұрындары күрделі ота жасату үшін […]
ЖЕРГІЛІКТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУДА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
Түркістан облысында жүзім шаруашылығын дамытуда жаңа технологияларды қолдану көзделіп отыр. Бұл мәселе Түркістан облысы, Сайрам ауданында өткен дала семинарында кеңінен талқыланды. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, ғалымдармен, шаруалармен пікір алмасты. «Ауыл шаруашылығын дамыту: […]
Пікір қалдыру