Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 150-ге жуық мал бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Соның бірі – «Құдайберген» шаруа қожалығы. Шаруа қожалықтың иесі Тыстыбай Сырайловтың 2,5 гектар аумақты алып жатқан және құны 120 миллион теңгені құрайтын фермасы бар. Оның ішінде 400 мал басқа арналған қора-жайы дайындалып, жем-шөп сақтайтын қоймасының құрылысы аяқталған. Жеке меншігіндегі 10 гектар егістік жерінен жоңышқа егіп, қазіргі таңда өнімін жинап алған. Жеке кәсіпкердің ендігі мақсаты – мал басын көбейту үшін үлкен көлемде несие алып, ет өнімін экспортқа дейін шығару.
Мемлекеттің қолдауының арқасында Т.Сырайлов қазіргі таңда «Аграрлық несие корпарациясы» акционерлік қоғамынан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында мал бордақылау алаңына 29,4 миллион теңге несие алып, жұмыс жүргізіп жатыр. Осылайша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жеке кәсіпкер 1000 бастық мал бордақылау фермасын салу жобасына қатысуда.
Айта кетейік, аудандық «Алтын күз – 2019» ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің іс-шарасында аудан әкімі Бақыт Асанов Т.Сырайловты «Озат мал бордақылаушы» номинациясы бойынша марапаттады. Кейіпкеріміз 10 айдың қорытындысы бойынша 31,5 тонна ет өндірген.
Биыл Түркістан облысы Жетісай ауданы бойынша 140 шақырым жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол жөндеу жұмыстарының сапасы аудан әкімінің басты назарында. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев жұмыс барысымен ауданда жасалып жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. […]
Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Сарыағаш аудандық пробация қызметінің есебіндегі 15 сотталған бос жұмыс орын жәрмеңкесі нәтижесімен тұрақты жұмыспен қамтылды. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы және аудандық пробация қызметі […]
Үш тілді меңгерген мемлекеттік қызметкерлер арасында»ТІЛДАРЫН-2020″ атты аудандық байқауы өткізіледі. «ТІЛДАРЫН-2020» атты аудандық байқауының ЕРЕЖЕСІ⤵️⤵️⤵️ 1.Түркістан облысы Жетісай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тілдің қолдану […]
Пікір қалдыру