ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 140 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

Биыл Түркістан облысы Жетісай ауданы бойынша 140 шақырым жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол жөндеу жұмыстарының сапасы аудан әкімінің басты назарында.

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев жұмыс барысымен ауданда жасалып жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
» Ең бірінші кезекте топырақ жолдармен мектепке баратын жолдарды салуымыз керек. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып жолды сапалы етіп аяқтауымыз керек» деді аудан әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Түркістан облысы  Жетісай ауданы бойынша 277 көшеде жол жөндеу жұмыстары  жүргізілді. Оның ішінде 218 көше ағымдағы (тас төсеу ) 59 көше орта жөндеуден өтті. Одан бөлек, аудан аумағында орналасқан үлкен жолдардың бойындағы елді мекендерге ұзындығы 4,3 шақырымды құрайтын аяқ жолдар салынды. Алдағы уақытта да жол жөндеу жұмыстарына қатысты  аудан халқының шағымы мен өтініші аудан басшылығының назарында болмақ. Жергілікті тұрғындармен кері байланыс нәтижесінде, Жетісай ауданының дамуы мен өркендеуі бағытында жұмыстар жүргізілетін болады.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*