ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА МҰҒАЛІМДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

«Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол-нағыз ұстаз».  Түркістан облысы Кентау қаласында орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестіктерінің ұстаздары қашықтықтан семинар өткізді. Семинар барысында орыс тілі пәнінің уақтылы жүргізілуі және платформалар мен ресурстарды қолдану туралы мәселе талқылынды. Мұғалімдер оқу процессін ұйымдастыру кезінде интернет- платформалардан басқа кез- келген қол жетімді байланыс құралдарын пайдалана алады. Қашықтықтан оқыту процесі синхронды және асинхронды форматта өткізіледі.
«Ұстаздар күні» мерекесіне орай Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының «Құрмет грамотасымен» Ата-түрік атындағы №4 мектеп-лицейініңорыс тілі пәні мұғалімі Салышева Клара, Кентау қала әкімінің «Алғыс хатымен» «Шобанақ» жом орыс тілі пәні мұғалімдері Абдураимова Дилраба, «А.Үсенов» жом Исакова Насиба, Кентау қаласының маслихат хатшысының «Алғыс хатымен» Ю.Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейінің орыс тілі пәні мұғалімдері Байділдаева Наргиза мен «Шаш-төбе» жом Гаппарова Нигора марапатталды. Өз істеріне шынайы берілген мамандық иелерінің жұмыстарына табыс тілейміз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*