Түркістан: Депутаттар Мақтааралға 11 миллион теңгенің затын көмекке жеткізді

Судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына Түркістан облысының бір топ депутаттары 11 миллион теңгенің гуманитарлық көмегін жеткізді. «Nur Otan» партиясының республикалық «Біз біргеміз» акциясы аясында ұйымдастырылған көмек 11 жүк көлігіне тиелген. Азық-түлік пен көрпе-төсек, киім кешек, гигиеналық заттар мен 2 тонна балық еті де бар.


Гуманитарлық көмек керуенін Түркістан облыстық мәслихатының фракция жетекшісі Мұрат Төлтебаев бастаған бір топ депутаттар яғни, Шәріпбек Жамалбеков, Мағауия Тұрысбеков, Алмас Салимов, Уалихан Рахиев, Саттар Қуашбай, Мұрат Мейрманов, Нұржан Әширов, Бақытжан Серманиязов, Жаңабай Ағабеков, Әбдіқалық Қасымбай, Даурен Аxметов, Әсет Қайыпбеков те бар.
«Бүгін біздер «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында Мақтаарал ауданындағы тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созуды жөн көрдік. Бұл біздің азаматтық парызымыз деп санаймыз. Осындай қиын-қыстау кезеңде әсіресе қасиетті Рамазан айында мақтааралдықтарға қолдау көрсетіп, демеп жіберу сауапты іс саналады. Осыны ескерген Түркістан облыстық мәслихатының бір топ депутаты гуманитарлық көмек көрсетіп, мұндағы елдің бүгінгі жай-күйімен танысу үшін арнайы келіп отыр», — деді халық қалаулысы Шәріпбек Жамалбек.
«Қазіргі таңда штаб қоймасы тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Бүгінде мұнда 270 тоннадан астам азық-түлік тауарлары мен көрпе-төсек, киім кешек, гигиеналық заттар жинақталды. Бұдан бөлек тағы екі қойма әзірлеп, тұрғындарға керекті заттардың бәрі жеткізіліп берілуде. Қабылдап алу мен таратып беру ісі жүйеленіп, тек сұранысқа сай тізім арқылы үлестірілуде», — деді Бейсен Дәулетұлы.
Мұнан соң депутаттар эвакуация орындарына жайғасқан тұрғындармен кездесіп, олардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып шықты. Сондай-ақ, олар халықтың көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлерін жан-жақты баяндап берді.
Айта кетейік, төтенше жағдай жарияланғалы бері штаб қоймасынан мақтааралдық тұрғындарға 90 тоннадан астам азық-түлік пен киім-кешек, жеке бас гигиенасына

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*