Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлеріне тұмауға қарсы екпе егу жүргізілді. Облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты мекеме және пробация бөлімінің жеке құрамы өзінің жұмыс орны бойынша аудандардағы емханаларда тұмауға қарсы тегін екпе қабылдады.
-«Жылда күз мезгілі келгенде ЖРВИ мен тұмаудың өршитіні белгілі. Осыған орай, қызметкерлердің денсаулығын сақтау мен аурудың алдын алу мақсатында бұл маусымдық шараны ҚАЖ саласы назардан тыс қалдырған емес. Соның нәтижесінде инфекциялық аурулар жеңіл өтеді. Егер басқа инфекция келіп жатса, оны жеңіл түрде өткізуге септігін тигізеді,» — дейді департаменттің санитар-дәрігері Айдана Мэлсқызы.
Сонымен қатар, қыркүйек айында облыстық департаментке қарасты ИЧ-167/9 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандардың сексен пайызы тұмауға қарсы екпе қабылдады.
Екпе салдыру барысында екпеге қарсы көрсетілімдері бар, вакцинаның құрамындағы затқа аллергиясы болған және созылмалы ауруы бар науқастарға екпе салдыруға болмайтыны ескерілді.
Пікір қалдыру