ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА СЫЙ ЖАСАЛДЫ

 

Қазан айының екінші жексенбісі дүниежүзілік мүгедектер күніне орай, Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен. Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 18-жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар жандарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі және «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Үміт ұясы» күндіз болу орталығы» КММ-нің
Халықаралық мүгедектер күніне арналған «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы болып өтті.

Акция аясында мекемеде қызмет алушы балалар мен 18-жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар жандарға, демеушілер көмегімен түскен қаржыға азық-түліктер табыс етілді.
» Қоғам мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасай алмаса, олардың күнделікті өмірінде кездесетін қиындықтардың шешімі табылмайды. Сондықтан оларға әрқашанда қолдау көрсетуді біз тоқтатпауымыз керек. Бұл жандар осы қоғамның толықтай мүшесі болып табылатынын сезінуі тиіс» деді бөлім басшысы Әділхан Әбжанов.

Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әбжанов Әділхан Досыбайұлы, Асықата кентінің әкімі Серіков Бақыт Бегімұлы және «Иманды жүрек» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Алдабергенов Алмабек Есенқұлұлы аттарынан мекемеде қызмет алушы балалар мен 18-жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар жандарға азық-түліктер үйлеріне апарылып табыс етілді.
Жалпы 163 адамға азық-түлік берілді. Оның ішінде 114 адам 18-жастан асқан жандар, 49 мүмкіндігі шектеулі балалар.
Барлығы 678 000 мың теңгенің азық-түліктері тарқатылды.

Акция аясында халықаралық мүгедектер күні мерекесіне қаржылай, заттай қолдау жасаған демеушілерімізге Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Д.Абжанов өз атынан алғыс хаттар табыс етті.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*