Түркістан облысы Жетісай ауданында жылыту маусымына дайындық барысы пысықталып жатыр. Аудан аумағында тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Мәселен, жылыту маусымында улы газбен уланудың орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында, Жетісай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №03 МӨСБ жеке құрамымен бірлесіп, Жетісай ауданындағы ауылдық округ тұрғындарына өрттің пайда болу факторларының басым көпшілігі, жеке тұрғын үй секторларында орын алатыны жөнінде, және осыған орай, Жетісай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауыл округтағы тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын жүргізу барысында «жылу пештерін жұмыс жағдайларына қарап анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою» «Жылу маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау», «Улы газбен уланудың алдын алу» «Тұрмыстық құралдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыптар түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жаднамалар мен парақшалар таратылды. Жылыту маусымы қарсаңында қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу сынды маңызды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
СОЗАҚ АУДАНЫНДА ҚҰНЫ 1МЛРД 845МЛН ТҰРАТЫН «СПОРТТЫҚ САУЫҚТЫРУ» КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Созақ ауданына барып, бірқатар құрылыс алаңдарын аралады. Бұл туралы Түркістан облысының баспасөз қызметі хабарлады. Облыс басшысы алдымен мектеп құрылыс алаңында болды. Өңір басшысы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып […]
Әрдайым үлгі болар тұлға
Құрлық әскерлері Әскери институтытының тәрбие және идеологиялық жүмыстар жөніндегі басқармасының тәрбие бөлімінің аға офицері капитан Ерлан Арынбаев болашақ офицерлерді тәрбиелеуде үлкен үлес қосып келе жатқан офицерлердің бірі. Ерлан Түркістан облысы Жібек жолы елді мекені Дихан […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ
Үрімшіде үшінші Қазақстан-Қытай форумы өтті. Форум барсында Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мақсатында бірнеше меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында тараптар туризм, темір жолдарды дамыту, жаңа шекара өткелдерін салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемін […]
Пікір қалдыру