ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚҚА ИЕ БОЛДЫ

Түркістан облысы Арыс қалалық орталық кітапханасының бөлім меңгерушісі арнайы сыйлыққа ие болды. Биыл елдегі эпидемиологиялық жағдай ескере отырып Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері мен ұйымдарының ІІІ-ші республикалық «Рухани қазына – 2020» байқауы онлайн форматта өтті.

Фестивальдің мақсаты — ұлттық мәдениетті насихаттау және аймақтық мәдениет ұйымдарының иммиджін нығайтуға бағытталған үздік әлеуметтік мәдени және білім беру тәжірибелерін көрсету болып табылады.

Үшінші рет өткізілген байқауға мемлекеттік музей, кітапхана, мәдениет үйлері мен ауыл клубтарынан жалпы саны 259 өтінім түскен. Атап айтқанда, 119 — кітапхана, 90 — мәдени ойын-сауық ошағы мен 50 — музей бар.

Байқауда бағын сынаған Арыс қалалық орталық кітапханасының “оқырмандарға қызмет көрсету” бөлімінің меңгерушісі Акенова Кенжеш Әшімқызы “Үздік аудандық маңызы бар кітапхана қызметкері” номинациясына қатысып, Атыраулық жеке кәсіпкер Сарманов Мұраттың арнайы сыйлығына ие болды.

119 үміткердің ішінен озық шыққан Акенова Кенжеш Әшімқызына бағындырар шыңдарыңыз көп болсын деген тілек білдіреміз.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*