Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Келес ауданы Бозай ауылдық округінің Тентексай елдімекені таза ауыз су жүйесіне толық қосылды. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ақментай Есбаев ауыл тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, су станциясының лентасын қиды.
Сондай-ақ, аудан басшысы Бозай ауылындағы «Ақ үй» әкімшілік ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты. Аталған нысанның құрылысы биыл басталып, жоспарға сай мереке қарсаңында аяқталды. Айта кетейік, ауылдық округтердегі әкімшілік ғимараттарды жаңартуға аудан әкімі тапсырма берген болатын. Мұндағы мақсат ауылдық округте жұмыс істейтін мамандарға жағдай жасай отырып, халыққа көрсететін қызметтің сапасын жақсарту. Биыл аудандағы 7 ауылдық округтің әкімшілік ғимараттарын жаңалау жұмыстары жоспарланған. Одан бөлек, келер жылы әрбір ауылдық округтегі мемлекеттік қызметкерлерді жаңа компьютерлік жабдықтармен қамту көзделіп отыр.
Сонымен қатар, мереке қарсаңында Ошақты ауылдық округіндегі Сарыжылға, Бақшысай және Жиделі ауылдары сапалы электр қуатымен қамтылды. Ал, Ұшқын аудық округінде ауыз су мәселесі 100 пайызға шешімін тапты. Мерекеде қуанышқа кенелген ауылдағы ағайын мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтар үшін алғыстарын білдірді.
Түркістан облысының тәртіп сақшылары Төлеби ауданында ерекше мағынаға ие рухани іс-шара өткізді. Ел ішінде «Әкелер күні» ретінде белгіленген күнге орай ұйымдастырылған бұл кездесуге танымал жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері, республикалық «Әкелер одағы» қамқоршылық кеңесінің төрағасы […]
Түркістан облысында үстіміздегі жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 95 721 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, қазіргі таңда 44 677 адам қатысқан. Осы жұмыстарды […]
«Түркістан – Шәуілдір» автомобиль жолының ІІІ учаскесінде (ПК291 +00 – ПК465 +00) асфальт жабындысын салу жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда жолдың жиектеріне шағалы тас төсеу жұмыстары, жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл қайта құру […]
Пікір қалдыру