Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен Түркістан қалалық әкімдігінің мамандары «Алтын бұлақ», «Қуаныш» базарлары мен «Шапағат», «Бәйтерек» сауда орындарында болып, әлеуметтік тауарлардың бағасына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев бастаған жұмысшы топ кәсіпкерлерге азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатпауға шақырды.
«Бүгінгі шара барысында көтерме сауда орындарынан тауар алып, қымбаттау бағада саудалап отырған сатушыларды анықтадық. Қазіргі таңда оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мұндағы мақсат — әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жататын тауардың бағасын тұрақтандыру. Кәсіпкерлер түсіністікпен қарап, мәселе оң шешімін тауып келеді. Нәтижесінде базардағы азық-түліктің бағасы тұрақтанып отыр», – деді Т.Мұсаев.
Одан бөлек, қала әкімінің орынбасары келесі жылдан бастап әлеуметтік азық-түлік түрлеріне жататын тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында арнайы заң күшіне енетінін ескертті. Заңға сәйкес, кәсіпкерлерге тауардың бағасын көтерме саудадан 15-20 пайыздан артық көтермеу туралы талап қойылады. Ал, талапты орындамай азық-түлік бағасын негізсіз көтерген сатушылар жауапқа тартылатын болады.
Бұдан өзге, кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Н.Байғұт пен Тұрақтандыру қорының мамандары қаладағы бірқатар сауда орындары мен әлеуметтік дүкендерді аралап, азық-түлік бағасының тұрақтылығына көз жеткізді. Мамандар тұрақтандыру қорының арқасында азық-түлік бағасының көтеріліп кетуіне тосқауыл болып отырғанын айтты. Қала тұрғындары да әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер тізіміне енген тауарлар қалтаға қонымды бағада саудаланып жатқанын растап отыр. Қымбатшылыққа қарсы тұратын мұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын таба бермек.
Түркі елдерінің астанасы, киелі қаламыз «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын талқыла. Астанадан арнайы ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» жұмыс тобы келіп, ақсақалдармен, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлерімен және ғылыми […]
Түркістан облысында пандемияға байланысты дәрі тапшылығын болдырмау мақсатында арнайы қордан қосымша препараттар алдырудамыз. Дәріханалардағы дәрі-дәрмектің саны жеткілікті болуын әрі бағасының шектік сомадан аспауын қадағалайтын боламыз. Қазіргі таңда облыс аумағында 924 дәріхана тұрғындарға қызмет көрсетеді. […]
Түркістанда қаланың «Құрметті азаматы» Сейілхан Саттарханұлын еске алуға арналған бокстан ашық турнир басталды. Сейілхан Саттарханұлы — Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Cаттархановтың әкесі. Өнегелі өмірін шаһардың дамуына арнаған жан. Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған қалалық мәдениет, […]
Пікір қалдыру