Түркістанда қаланың «Құрметті азаматы» Сейілхан Саттарханұлын еске алуға арналған бокстан ашық турнир басталды.
Сейілхан Саттарханұлы — Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Cаттархановтың әкесі. Өнегелі өмірін шаһардың дамуына арнаған жан.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев пен Сейілхан Саттарханұлының жұбайы Сырлыкүл Саттарханова жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыста 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер түрлі салмақ дәрежесінде сынға түседі. Спорт додасында Түркістан қаласы мен Түлкібас, Қазығұрт, Бәйдібек, Отырар, Сауран, Ордабасы, Жетісай аудандарынан келген 70-ге жуық жас спортшы бақ сынасуда.
Жарысқа қатысушылар арасында жеңіске жету тек физикалық дайындығын ғана емес, спортшының ішкі рухани дайындығын да талап етеді. Бокста тактика мен шеберлік маңызды рөл атқарады, және жасөспірімдер үшін мұндай турнирлер олардың кәсіби дамуына зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл турнир жастар арасында патриоттық сезімді нығайтып, спорттық мәдениетті дамытады.
Бокстан өтіп жатқан ашық турнирде әрбір спортшы жеңіс үшін барын салуда. Түркістан қаласында осындай іс-шаралардың өткізілуі жасөспірімдер арасында спортқа деген қызығушылықты арттырумен қатар, өңірдегі бокс саласының дамуына да айтарлықтай әсерін тигізуде.
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында түркістандық жас мемлекеттік қызметкерлері мен қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының арнайы кездесу жиыны өтті. Жиында Түркістан қаласының әкімі өзінің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, жас қызметкерлердің сауалдарына жауап берді. Бүгінгі таңда […]
Түркістан қаласы – ұлт руханиятының алтын діңгегі ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың отансүйгіштік рухы қалыптасып, мемлекеттік құндылықтарға деген құрметі айқын көрініс табатын киелі мекен. Бүгінде Түркістан жастары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне – Ту, Елтаңба […]
Түркістанда «Қала күні» аясында тұрғындар арасында шахматтан жарыс ұйымдастырылды. Облыстық “Farab” әмбебап ғылыми кітапханасында өткен сайысқа 50-ге тарта түркістандық қатысты. Интеллектуалды ойында ең жас қатысушысы 6 жаста болса, жасы жетпістен асқан қария да сайысқа қатысуға […]
Пікір қалдыру