Түркістанда қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында бірнеше спорт түрінен жарыс өтіп жатыр. «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында ұйымдастырылған спорт жарысында жасөспірімдер волейбол, шахмат пен тоғызқұмалақтан сынға түсті.
Спорт жарысының мақсаты – бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып, салауатты өмір салтын ұстауды насихаттау. Жасөспірімдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
“Сауран” тұрғын алабында өткен шахмат сайысына қаладағы 10 мектептен жиналған оқушылар қатысты. Интеллектуалды ойында ұлдар арасында №8 мектеп және қыздар арасында №6 мектеп оқушысы алғашқы орыннан көрінді.
Ал, Яссы тұрғын алабында волейболдан өткен жарыста №15 М.Жұмабаев мектебінің оқушылары I орынды иеленіп, II орын №24 М.Шоқай мектебі, III орын №14 Қазыбек би мектебінің жас спортшыларына бұйырды.
Сонымен қатар, “Бірлік” тұрғын алабында ұлттық ойын түрі тоғызқұмалақтан жарыста өтіп, ой ұшқырлығы сыналатын бәсекеге шаһардағы №27 Ө.Жәнібеков пен Е. Иззатуллаев атындағы білім ордаларының оқушылары қатысты. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі сайыс алдағы уақытта “Шауғар”, “Отырар”, “Бекзат” секторларында үстел теннисі, баскетбол, дойбы сынды спорт түрлерінен жалғасады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Президент спортты дамытуды тереңнен бастау керектігін айтады. Яғни, тек жаттығатын адам ғана емес, жаттығуға […]
Түркістан қаласында волейболдан КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының волейболдан спорт шебері Октябрь Жарылқаповты еске алуға арналған турнир аяқталды. Сайыс 2007-2008 жылы туылған қыздар арасында өтті. Жарыста Астана, Алматы, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Жетісай қалаларынан келген […]
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен көпқабатты тұрғын үйлердің сапасы бойынша өткізілген жиын маңызды қадам болып табылады. Жиында құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы, жедел сатыдағы қызмет көрсетуші мекемелердің тиімділігі, сондай-ақ шешімін таппай келе жатқан мәселелер […]
Пікір қалдыру