Бүгінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы бүкіл қоғам тарапынан қызу қолдауға ие болып отыр. Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жас ұрпақтың бойыншда туған жерге, өзі тұрып жатқан қала мен елді мекенге деген жанашырлық сезімін қалыптастыруға бағытталған бұл бағдарламаны көпшілік ыстық ықыласпен қабылдап жатыр.
Осы орайда бүгін Шымкент қаласындағы Қарасу өзенінің бойында «Таза жағалау» атты экологиялық іс-шара өтті. Өзеннің жағалауын тазалауға әкімдік қызметкерлері, қала жастары, аудан тұрғындары қатысты. Науқан барысында өзен жағалауынан бөлек, айналасының талдары қырқылып, шөптері орылды. Өзен бойындағы ит-мысықтар алаңы да тазартылды.
Тазалық акциясына Әл-Фараби ауданы бойынша 450-дей адам, 8 техника жұмылдырылған.
«Халқымыз «Бұлақ көрсең көзін аш» деген нақылды босқа айтпаған ғой. Қошқар ата – суы мөлдір, таза әрі шипалы өзен. Өзеннің бастау алатын тұсына барып көрсеңіз оның суы қаншалықты таза екеніне көз жеткізесіз. Бұл – Табиғат-Анамыздың бізге берген үлкен сыйы. Егер өзеннің жағалауы мен сағасын үнемі таза ұстай білсек, өзен сулар бүкіл қаламыздан осындай тап-таза, мөп-мөлдір қалпында ағып өтер еді. Бұл қаладағы экологиялық ахуалға оң әсер етеді», — дейді аудан тұрғындары. Сондай-ақ қала тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қаруға шақырды.
Акцияға республика бойынша барлығы 47 мыңнан астам адам қатысты! Жалпы күш-жігермен 5 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.
Бұл акция жағалауларды тазартуға көмектесіп қана қоймай, барлығына қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салды. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз жағалауларымызды тазарттық және оларды болашақ ұрпақ үшін сақтаймыз.
Біз бірге Қазақстанды таза әрі әдемі етеміз!
Пікір қалдыру