Шымкентте «Рухани жаңғырудағы БАҚ-тың маңызы» шығармашылық байқауы ұйымдастырылып жатыр

 

Байқаудың ережесі қалалық «Рухани жаңғырудағы БАҚ-тың маңызы» шығармашылық байқауын (әрі қарай — байқау) ұйымдастырып өткізу барысын анықтайды.

Байқаудың мақсаты:

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің орындалуына қолдау көрсету және оны халық арасында кеңінен насихаттау.

Байқаудың міндеті:

Ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, «Рухани жаңғыру» құндылықтарын БАҚ арқылы кеңінен насихаттауға үлес қосып жүрген журналистерді ынталандыру.

 

Байқау екі кезеңге бөлінеді.

Біріншісі – Шымкент қаласында мемлекеттік органдардың, Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ), кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің «Рухани жаңғыру» аясында атқарып жатқан нақты істеріне негізделген жұмыстарды қоғамға БАҚ арқылы көрсету.

Екіншісі – осы бағытта жұмыс жасап отырған БАҚ өкілдерінің арасында «Рухани жаңғырудағы» БАҚ-тың рөлі мен маңызы» атты шығармашылық байқау жеңімпаздарын марапаттау.

 

Байқауға2019 жылдың 04 қазанынан — 07 желтоқсанға дейінгі электронды және баспа БАҚ-та жарияланған немесе көрсетілген шығармашылық жұмыстар қабылданады. Ұсынылған жұмыстар «Рухани жаңғыру» мемлекеттік Бағдарламасының: 1) «Бәсекелік қабілеттілік», 2) «Прагматизм», 3) «Ұлттық бірегейлікті сақтау», 4) «Білімнің салтанат құруы», 5) «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», 6) «Сананың ашықтығы» бағыттарына сәйкес Шымкент қаласында атқарылған шаралар бойынша материалдар қабылданады. Әрбір қатысушы немесе ұжым аталған алты бағыттың әрқайсысына тек бір ғана жұмысын ұсынуға мүмкіндік алады.

 

Байқау материалдарын талдау кезінде келесі параметрлер ескерілетін болады:

– материалдың/жазбаның байқау мақсатына сәйкестігі;

– материалдың/жазбаның әсерлілігі және дұрыс бағыты;

– посттардың жан-жақтылығы, кәсіби деңгейі.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау бас жүлде, 1-ші, 2-ші, 3-ші орындар берумен анықталады. Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталады.

 

Байқаудың жалпы жүлде қоры –  1 млн

Бас жүлде  – 350мың

1-орын үшін сыйақы көлемі – 250мың

2-орын үшін сыйақы көлемі – 150мың

3-орын үшін сыйақы көлемі –  100мың

«Көрермендер көзайымы» номинациясы —  75мың

«Үздік көркемделген пост» номинациясы —  75мың

Байқаудың қорытындысы 2019 жылдың 20 желтоқсанында жарияланады.

Салтанатты рәсімнің өткізілетін жері және күні алдын ала хабарланатын болады.

Байқаудың нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында, Байқау өткізушілер сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

 

  1. Авторлық құқықтар

Байқауға қатысатын жұмыстың (фото, видео, мәтін) авторлық құқықтарын сақтау жауапкершілігін байқауға қатысушы толық өз мойнына алады. Ескерту: Ашық дереккөздерден алынған дайын мәтін (текст) мен фотолар қабылданбайды.

 

  1. Байқау комиссиясы

Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.

  1. Ұйымдастыру комиссиясының мекен-жайы

Шымкент қ. Н.Назарбаев даңғылы, Әкімшілік іскерлік орталығы Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы, 6 қабат, 613 бөлме, shymkent.uvp@inbox.ru, тел./н. 8 (7252) 24-74-83.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*