Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек шаһардағы он аумақ карантинге жабылған.
Ол 10 аумақ қазір оқшауланып, карантинге жабылған . Атап айтсақ, олар: Жұқпалы аурулар емханасы, «Атамекен», «Мейірім» оңалту орталығы, Екінші қалалық емхана (Медикус), Жаңаталап м.а., «Самал-1» шағынауданы, Мақталы көш №120А,Төрекұлов №204, 8-шағынаудан (№53 көпқабатты үй) және Желтоқсан көшесі 3 А үй.
Айта кету қажет, бүгінде карантин жарияланған аумақтарда жалпы 321 қызметкер жұмылдырылып отыр. Оның ішінде жүз он бес полиция қызметкері болса, он төрт қарулы күштер және жүз тоқсан екі ұлттық ұлан сарбаздары үш ауысымда тәулік бойы қызмет атқарып жатыр екен. Жасыратыны жоқ, бұл сақтық шараларының барлығы да әлемге таралған аты жаман індеттің алдын алу мақсатында жасалып жатыр. Сол себепті, әр азамат сақтық ұстана жүргені абзал.
Еске сала кетсек, дәл қазіргі уақытқа дейін қалада жалпы коронавируспен он төрт адам тіркелді.
Карантин кезінде Шымкент қаласында сотталушыларды еңбекке тарту ісі еселене түсті, – деп хабарлайды Күнгей.кз ақпараттық порталы Polisia.kz. ке сілтеме жасап. Қапаста қол қуысырып қарап отырмас үшін білек сыбана кіріскендерін өздері де алға тартады. Заң алдында […]
Күз мезгілінің соңғы күнінде Тұран ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі бастамаға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары, еріктілер және қала тұрғындары белсенді түрде атсалысты. Қатысушылар ауданның көшелерін, арықтарын, саябақтары мен аулаларын […]
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазнетте қызу талқыланып жатқан қысқа метражды бейнероликке байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков, Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев және «TALAS […]
Пікір қалдыру